Мәселе

Қостанай облысында жабық сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын сайлау өткізіліп жатқаны рас па?

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қазақстанда 10 қаңтарда парламенттік сайлау өтеді. Бірақ Facebook-те осы аптада Қостанай облысында жабық сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс берудің басталғаны туралы хабарлама тарады.

 

Облыстық сайлау комиссиясы бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

 

 

Мерзімінен бұрын сайлау туралы постты Ермек Нарымбай 4 қаңтарда өз парақшасында жариялады. Ол Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы «Сосновый» шипажайы учаскесінде мерзімінен бұрын дауыс беретінін жазып, бұл ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраған.

 

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко постта көрсетілген ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

 

&ndash «ҚР Сайлау туралы» Заңына сәйкес, сайлау бюллетеньдерi учаскелiк сайлау комиссияларына сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бiр күн бұрын жеткiзiледi. Аумақтық сайлау комиссиялары, әсіресе учаскелік комиссияларға әлі бюллетеньдер берілген жоқ. Сондықтан дауыс берудің өткізілуі мүмкін емес. Санаторий аумағындағы сайлау учаскесі уақытша болып табылады. Онда дауыс беретін сайлаушылардың тізімі сайлауға бес күн қалғанда ғана нақтыланады. Сайлау күні санаторийде қанша адамның демалатыны бүгін ғана белгілі болады. Содан соң азаматтардың тізімі жасалып, учаскелік сайлау комиссиясына тапсырылады. Осыдан кейін ғана учаскеге қажетті бюллетеньдер саны жеткізіледі. Бұл сайлауға бір күн қалғанда болады. Яғни, бюллетеньдер тек 8-і күні ғана жеткізіледі. 4 қаңтарда «мерзімінен бұрын дауыс берудің» өткізілуі мүмкін емес, &ndash деп түсіндірді Александр Малашко.

 

 

 

 

stopfake.kz




Көрілген: 1632    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.01.2021, 13:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31