Мәселе

Қостанайда бойжеткенді зорлықтан құтқарған ер адам істі болды

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Қостанайда күзет қызметкері қиын жағдайға тап болған бойжеткенге көмектесіп, тергеуге алынды. Шыңғыс Исахметовке өкілеттігін аса қатты пайдаланды деген айып тағылды. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі "Наш Костанай" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


Маусым айының 23-нен 24-не қараған түні Амангелді көшесінің бойында орналасқан №15 балабақшаның күзетшісі көмек үшін басуға арналған пернені басқан. Оқиға орнына жеткен пульттік күзетшілердің қатарында Шыңғыс Исахметов болған.


"Балабақшаға 3-4 минуттың ішінде тез жеттік. Күзетші бізге аймақта бір қыздың көмекке шақырып айқайлап жатқанын айтты. Мен әріптестеріммен бірге қыздың дауысы шыққан жерге бардым. Не болып жатқанын көріп, қатты таңғалдық. Екі жігіт нәзік қызды ұстап тұрды, ал үшіншісі жыныстық қатынасты бастап кеткен. Қыз қарсыласып жатты", — дейді Шыңғыс Исахметов.


Пульттік күзеттің қызметкерлерін байқап қалған ер кісілер жан-жаққа қашқан. Екеуі бір жаққа, ал жыныстық қатынасқа түскен адам жекеменшік сектор бар Абай көшесіне қарай жүгірген. Исахметов оның артынан қуған.


"Тоқтауын сұрадым. Бірақ ер адам қарсылық танытып, бірнәрсені айқайлап, әрі қарай жүгірді. Сосын оның қолында бір заттың жарқ еткенін көрдім. Басында пышақ деп ойладым. Осы жағдайға дейін аяғым пышақталғаннан кейін, қайтадан ондай жарақат алғым келмеді. Бір рет ауаға аттым. Алайда, ол әрі қарай жүгіре берді. Екінші рет атқанымды оқ ішінің тұсына тиді. Ол кішкене жүгірді де, тоқтады. Бірден жедел жәрдемге және 102 нөміріне хабарластым", — дейді пульттік күзеттің қызметкері.


Осы кезде Исахметовтың әріптестері қашып кетпек болған екі ер адамды ұстады. Оқиға орнына келген полицейлер барлығын, тіпті пульттік күзеттің қызметкерлерін бөлімге алып кеткен.


Шыңғыс Исахметовке қатысты ҚР ҚК-нің 252 бабы, 2 бөлігі бойынша (Жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы) іс қозғалды. Бұл баб бойынша ол үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Полиция департаментінде пульттік күзетшінің қару қолданғаны расталды. "Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Оның нәтижесінде қорытынды процесстік шешім қабылданады. Осыған байланысты: "Исахметов өкілеттілігін аса қатты пайдаланды ма?", — деген сұраққа жауап берейік, - мүмкін болып көрінбейді", — дейді ведомство қызметкерлері.


Сонымен қатар, олар ҚР ҚК 120 бабы, 2 бөлігі ( Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдіктілер қамауға алынбаған және олар сотқа дейінгі тергеу жұмыстарына келуге міндетті емес.


"Көмекке шақыруға арналған перне басылса, біз оқиға орнына барып ешнәрсе істемеу керекпіз бе? Ұры, кісі өлтіруші өз ісін аяғына дейін жеткізбейінше қарап отырамыз ба? Сосын олардан мәдениетті түрде берілуін сұрау керекпіз бе? Артынан жүгірмей, бізге жұдырықтарын ала жүгіргенде қарсылық танытпау керекпіз бе?", — деп таңырқанды Шыңғыс Исахметов.


Пульттік күзеттің қызметкері сұрақтары өте көп екенін, бірақ олардың ешбіреуіне ешкім жауап бере алмайтынын жасырмады.


 




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.08.2019, 10:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31