Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қостанайда егіс науқаны аяқталды

09 маусым 2011, 11:46

Қостанай облысында соңғы аптада тынымсыз жауған ақ жауын салдарынан егіс науқаны үш күнге кешірек аяқталды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқар­масының мәліметіне сәйкес, аймақта 4,268 млн гектар жерге егін себілді. Жос­пар бойынша, 4,283 млн гектарға жос­парланған бидай өнімі 4,033 млн га аумағына ғана егілді. Есесіне майлы дәнді-дақылдар үлесі артты. 152,6 мың гектарды алуы тиіс аталмыш дақылдардың жалпы көлемі 24%-ға ұлғайып, 190,2 мың га болды.
Кәсіпкерлердің дені зығыр мен күн­бағысқа көңіл бөлді. Алғашқысына – 93,2 мың га, шемішке дақылына 41,5 мың га егістік бұйырды. Ал облыс әкімі С.Кулагин жиі жарнамалайтын рапс өнімі биыл былтырғыдан қарағанда 10 мың гектарға кем себіліп, оның үлесіне 31 мың гектар жер ғана тиді.