Мәселе

Қостанайда мас жүргізушілер 15 тәулікке қамалып, 8 жылға куәліктерінен айырылды

  • https://www.caravan.kz/

    https://www.caravan.kz/

Мас күйінде рульге отырған қостанайлықтар бірнеше жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды   ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайлық полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бір күн ішінде автокөлікті мас күйінде жүргізген үш жүргізушіні ұстады.

«Қостанай қаласының Алтынсарин көшесінде 34 жастағы ер адамның басқаруындағы «Nissan Teana» автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушіден алкогольдің иісі сезілді. Медициналық куәландыру алкогольден масаң болудың жеңіл дәрежесін көрсетті. Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты жүргізушіні 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды. Сондай-ақ 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды», - деді полицияның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Бұған қоса, екі көлік жүргізушісі алкоголь өніміне тексеруден өтуден бас тартқан.

Сот жүргізушілерді 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім қабылдады және олар 15 тәулікке қамауға алынды.

 




Көрілген: 320    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 22:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31