Мәселе

Қостанайлық мұғалім жылап тұрып видео жариялады

  • © Sputnik / Наталья Селиверстова

    © Sputnik / Наталья Селиверстова

Қостанай облысында мұғалім болып жұмыс істейтін жас әйел бұрынғы күйеуінің өзін қудалап, бірнеше жылдан бері қорқытатынын айтып көмек сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Мұғалімнің видеосын Facebook желісінде "Не Молчи" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смайылова жариялады.

 

ВИДЕО:  www.facebook.com/dina.tansari/videos/4391610557545896/

 

Айсұлу Бәйтенова Қостанай облысы Қарабалық кентінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Алайда, 2016 жылы ажырасып кеткен бұрынғы күйеуінің кесірінен жұмысынан шығуға тура келген. Сол себепті көрші ауданда мектепке ауысқан. Алайда, Бәйтенова ол жерде пәтер жалдап тұру қиынға соғатынын, өз кентіндегі басқа мектепке жұмысқа орналасқысы келетінін айтты. Алайда, жаңа жұмыс орнына да бұрынғы күйеуі іздеп келуі мүмкін деп қорқып отыр.

 

"Менің басқа баратын жерім жоқ, бірақ бұл жерде маған тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермей отыр. Бетіме "кислота" шашып кетемін деп қорқытады. Осыдан кейін жұмыстан келе жатқанда үйдің кірберісіне кіруге, бір жерге баруға қорқамын. Болып жатқан оқиғалардан баламның психикасы бұзылып жатыр. Биыл Қарабалық кентіне басқа мектепке жұмысқа орналассам деймін. Бірақ ол осы жаққа да іздеп келеді деп қорқамын", - дейді әйел.

 

Айтуынша, әйел бірнеше рет полицияға арыз жазған. Бұрынғы күйеуі жалғыз қызын тартып алғысы келеді.

 

"Мен бұрынғы күйеуіммен 2016 жылы ажырастым. Ол мені ұратын. Соңғы рет мені ұрған кезінде полицияға жүгіндім. Арыз жазғаннан кейін бұрынғы күйеуімнің тәтесі хабарласып, өзінің үйіне шақырды. Ол жерде мектептегі жұмысымнан шығарып жіберетінін, дипломмен ауылға бағдарламасы арқылы алған пәтерімді тартып алатынын айтып қорқытты. Ол кісі Сапарова М.А. газет редакторы болып жұмыс істейді, бұл жерде онымен ешкім байланысқысы келмейді. Мен өз арызымды қайтып алдым", - дейді әйел.

 

Әйелдің видеосына байланысты ішкі істер министрлігі жауап берді.

 

"Іс Қарабалық ауданының полиция бөліміне тіркелді. Жас әйел видеода айтқан деректер бойынша тексеру жүргізіледі, нәтижесі қосымша хабарланады. Сонымен қатар бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы қақтығыс ауданның тиісті органдарының назарында екені белгілі", - делінген министрлік жауабында.

 

Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы полиция департаменті басшылығының бұл өтінішті бақылауға алғанын хабарлады. Сонымен қатар кейінгі жылдары бұрынғы ерлі-зайыптылардың бірнеше рет бір-біріне арыз жазғанын, осыған байланысты қабылданған шешімдердің заңдылығы тексерілетінін мәлімдеді.


 




Көрілген: 375    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 13:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31