Мәселе

Көзге шөп салудан әйелдер ерлерден бір мысқал кем түспейді

  • https://m.infox.ru/

    https://m.infox.ru/

Әлемде жүргізіліп жатқан сауалнама қорытындысы бойынша, ерлер әйелдерге қарағанда көп жүріс жасайтын көрінеді. Ғалымдар бұл деректің шынайылығына сын көзбен қарап отыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Әлем ғалымдарының пікірінше, көзге шөп салудан әйелдер ерлерден бір мысқал кем түспейді. Тек еркектер асырып айтуға, әйелдер жасырып айтуға бейіл. Сауалнама қорытындысы көбіне осы жайтты ескере бермейді. Мұны отбасы мәселесімен айналысып жатқан қазақстандық психологтар да растап отыр.

 

Әйелдер де, еркектер де бірінің көзіне бірі шөп салады. Оған сұраныс бар. Көзге шөп салуға түрткі болатын факторлар еркектерде де, әйелдерде де бірдей, — дейді психолог Серікгүл Сәли

 

Серікгүл Сәли

 

Маманның айтуынша, адамдардың төрт түрлі арнайы қалауы болады. Өзінің жарынан осы төрт қалауын таппаса, өзіне қосымша қарым-қатынас іздейтін көрінеді.

 

Төрт қалау дегеніміз не? Психологтың айтуынша, ол қазақта "төрт құбыласы тең" деген ұғымға жақын дүние. Төрт құбыла — қазіргі тілмен айтқанда, энергия, уақыт, ақпарат, кеңістік ұғымдары. Бұрын ауа, су, жер, от деп аталып келген.

 

Біріншісі — жұптардың энергия алмасуы. Әйеліне қажетті энергия күйеуі, күйеуіне қажетті энергияны әйелі беруі керек. Екіншісі — "ақпарат" алмасу. Мұның ішінде махаббат және эмоция тұрады. Яғни, жұбайлар жиі сырласып, сезімдерімен бөлісуі тиіс. Үшіншісі — жұбайыңа арнайы уақыт бөлу. Соның қасынан табылу, бірге болу. Төртінші құбыла — кеңістік. Кеңістіктерді бағындыруға бірге күш-қайрат жұмсау абзал. Бұл жерге ақша да кіреді. Сондықтан "кеңістік" ұғымын қаражат деген сөзбен алмастыруға да болады.

 

Осы төрт құбыласы тең адамға басқалардың қажеті болмайды. Қарым-қатынасын терең құрған жұптардың арасында бақыт, шынайы сезім болады, — дейді психолог

 

Әрине, ерлер мен әйелдердің сыртқа көз салуында аздаған айырмашылық бар екен.

 

woman-psy.com/

"Ер адамдар басқа әйелге көз салып, қажетін іздеу — біздің тарихымызбен тығыз байланысты. Тіпті, қалыпты жағдай ретінде қалыптасқан. Ал әйелдің сырттан қарым-қатынас іздеуіне табу қойылған. Бұл қазір де жалғасып келеді. Әйелдің басқа еркекпен көңіл қосса да, күйеуімен тұрып жатуы қателік болып есептеледі", — дейді Серікгүл Сәли.

 

Маманның сөзіне қарағанда, мұндай жағдайда әйелдер өзін жайсыз сезініп, күйзеліске жиі тап болады. Сол сезімнің кесірінен күйеуімен тұра алмайтына көзі жетіп, басқа адаммен отбасын құруға құқығы бар екенін түсінеді. Басты — айырма осыда ғана.

 

Көбіне әйелдерге жан-дүниесін түсінетін, ішкі әлеміне үңіле білетін ер азамат керек. Әйелдерге күйеуінде осындай қасиет жетіспейтіні ауыр тиеді. Осыны іздеп, көзге шөп салатын жағдайлар жиі кездеседі екен.

 

"Бірақ әйелдердің дені ерінің көзіне шөп салғаннан кейін, мұндай қасиеттерді өз күйеуінен табуға болатынын түсініп, отбасында береке орнатып жатады. Әйелдерді ақтап жатқаным емес, бұл. Мен отбасын құрған жұптарға қарым-қатынасты терең құру керек екенін, оған көмектесе алатын мамандар бар екенін ескерткім келеді", — дейді Серікгүл Сәли.

 

 

 

 

 




Көрілген: 1098    Пікірлер: 0

жұма, 08.10.2021, 18:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31