Мәселе

ҚР ІІМ Мұхамеджан Тазабекке қатысты тексеруді бастады

  • © zakon.kz

    © zakon.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі "Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабектің полициялар алдында оқыған баяндамасына қатысты тексеруді бастады. Бұл туралы министрдің орынбасары Алексей Калайчиди айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Әрбір мемлекеттік органның ақпараттық жұмыс, насихат жүргізу жоспары бар. Олар дәріс оқу үшін белгілі бір қоғам қайраткерлерін шақырып жатады. Енді біз бұл кездесудің қаншалықты қажет болғандығын, оның өткізілу форматын және мазмұнын тексеріп жатырмыз. Соның қорытындысы бойынша біз шешім шығарамыз. Ал тексеру жүргізілгенге дейін мен бұл мәселеге қатысты ештеңе айта алмаймын", - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.


Оның айтуынша, Мұхамеджан Тазабекті кездесуге Мамандандырылған күзет басқармасы шақырған болуы мүмкін.


Алдында ғаламторда Тазабектің полициялар алдында сөйлеп жатқан видеосы жарияланған болатын. Ол белгілі бір деңгейде желі қолданушылардың наразылығын туғызған. Мұхамеджан Тазабек - "Асыл Арна" діни телеарнасының бас директоры, ақын.


kaz.zakon.kz


 




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 16:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31