ҚР СІМ Тигран Кеосаянның даулы мәлімдемесіне жауап берді

27 сәуір 2022, 17:28

Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Тигран Кеосаянның Қазақстан туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Ресей журналисі Тигран Кеосаянның қорлайтын және мәні бойынша біржақты сөйлеген сөзі назар аудартады. Мүмкін оның мәлімдемесі ресейлік қоғам мен саяси құрылымның белгілі бір бөлігінің көзқарасын білдіретін шығар, бірақ біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі қолданыстағы келісімдерге ешбір жағдайда сәйкес келмейді", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

 

Сыртқы істер министрлігі мұндай сөздер "тату көршілік қарым-қатынас атмосферасын улап, стратегиялық әріптестік қарсыластарының қолында ойнайды" деп санайды.

 

"Ол Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізіміне енгізіледі деп ойлаймын", - деді министрліктің баспасөз хатшысы.