Мәселе

ҚР ҰҚК: Атырау облысының Көптоғай ауылына қатысты тараған видео – монтаждалған

  • https://azh.kz/

    https://azh.kz/

Атырау облысының Көптоғай ауылына қатысты тараған видео 2 фрагменттен монтаждалған. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Айдар Аймурзин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Сенбі күні әлеуметтік желіде тараған фейк-видеоға қатысты айтар болсам, ол- монтаждалған. Екі фрагменттен монтаждалған. Біріншісі, Маңғыстау облысында қазіргі уақытта аяқталған оқу-жаттығудағы шын видео. Ол жерде шекарадан жаппай өту және босқындар лагерін ұйымдастыру элементтері пысықталды. Екіншісі де Көптоғай ауылындағы шынайы жағдай, жергілікті тұрғындардың нақты жиыны», - деді Айдар Аймурзин.

 

Оның атап өтуінше, осы екі оқиғаны біріктірген сәтте Көптоғай ауылында болған жайт бұрмаланып көрсетілген.

 

«Айта кетерлігі, қазіргі уақытта облыс әкімдігінің біздің облыстық департаменттің басшылығымен жиналыс өтіп жатыр. Әзірше жағдай тұрақты, жергілікті тұрғындар түсіністік танытып отыр. Бізде туындаған барлық мәселені ескеруге тырысамыз. Тағы да қайталап айтамын, жерге қатысты шегініс жоқ. Тұрғындардың суға бару мүмкіндігі сақталған. Бұған қоса, суға мұнан да ыңғайлы жету мәселесі шешілетін болады», - деді ол.

 

Еске салайық, б иылғы 14 сәуірде Атырау облысы, Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында Ресейдің Астрахан облысымен шекарасында жаңа шекаралық қоршау тұрғызыла бастаған болатын.

 

Жұмыстарды ҚР ҰҚК әскери қызметшілері жүргізді.

 

Ал бүгін шекара қызметкерлері орнатқан бағаналарды қайта алып тастағаны белгілі болды.

 

Сондай-ақ бүгін ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Айдар Аймурзин Атырау облысының Көптоғай ауылы тұсындағы шекаралық қоршауға қатысты туындаған мәселеге түсініктеме берді.

 




Көрілген: 816    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.04.2021, 21:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31