Мәселе

Қ.Тоқаев: Бүгінде төл әдебиетіміздің көкжиегі кеңейіп, әлем әдебиетінің даму көшіне қосылды

  • https://24.kz

    https://24.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет өтіп отырған Азия қаламгерлерінің І форумына қатысушыларды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.


Мемлекет басшысы өз сөзінде халқымыздың рухани мұраларын сақтап, ұлттық тарихын зерттеуге, мәдениетін жан-жақты қолдауға әрдайым баса мән беретінін айтты. Сондай-ақ бүгінде қазақ әдебиеті әлем әдебиетінің даму көшіне қосылғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


– Бүгінде төл әдебиетіміздің көкжиегі кеңейіп, әлем әдебиетінің даму көшіне қосылды. Қазақ қаламгерлерінің туындылары арқылы дүние жүзі жұртшылығы ұлттық руханиятымызды танып білуде. Қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынның шығармалары Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 тіліне аударылып, жарыққа шыққалы отыр. Осы туындылар 5 құрлықтағы 90-нан астам елге, яғни екі жарым миллиард оқырманға тарайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысының айтуынша, Азия – ұлы өркениеттердің дүниеге келуіне, өркен жаюына, қалыптасуына куә болған көне құрлық. Араб, парсы, қытай, үнді өркениеттері – адамзат тарихының ажырамас бөлігі.


– Қазір Ұлы Жібек жолының экономикалық мән-маңызы ғана көбірек айтылады. Шын мәнінде, оның тұтас өркениеттерді тоғыстыратын күшке ие болғаны ескеріле бермейді. Бүгінде Азияның озық экономикасымен бірге әдебиеті, өнері, білім жүйесі де алдыңғы қатарға шықты. Азия халықтарының сөз өнері бай, тамыры тереңде, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.


Қазақстан Президенті Азия әдебиетін одан әрі дамыту үшін бірқатар маңызды мәселеге қаламгерлердің назарын аудартып, арнайы сыйлық тағайындау туралы ұсыныс білдірді.


– Азия қаламгерлері форумы шығармашыл қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек. Бұл маңызды шара Азия елдерінде тұрақты түрде өтуі қажет деп санаймын. Адамзатты толғандырған күрделі мәселелер дәл осындай алаңдарда ортаға салынуы тиіс. Азияны бүкіләлемдік рухани даму орталығы ретінде дамыту айрықша маңызды. Сондықтан әдеби үдерістерді жаңғырту үшін жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындаған жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


 


Сонымен қатар Мемлекет басшысы Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электронды кітапханасын құру туралы ұсыныс айтты.


Азия қаламгерлерінің І форумы әлемнің 300 ақын-жазушысының басын қосты. Олардың арасында Азияның 38 елінен келген Нобель сыйлығының номинанттары, халықаралық Букер және ASEAN сыйлықтарының лауреаттары, өңірлік және ұлттық сыйлықтардың иегерлері бар.


24.kz


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 642    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.09.2019, 00:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31