Мәселе

Куәлігінен айырылса да көлік жүргізгендер енді қамалуы мүмкін

  • © arhar.kz

    © arhar.kz

Қазақстандағы жүргізушілер куәлігінен айырылғанына қарамастан көлік жүргізе беретіні жасырын емес. Мәжіліс депутаттары Бас прокуратураға сауал жолдады, деп хабарлайды kolesa.kz-қа сілтеме жасаған arhar.kz.


Сауалда айтылғандай, соңғы екі жылда елімізде 90 мыңға жуық адам жүргізуші куәлігінен айырылған. Сөйте тұра куәлігінен айырылғандар тарапынан 15 мыңнан астам әкімшілік және қылмыстық заң бұзушылық жасалған.


Депутаттардың сөзінше, куәлігінен айырылғандар сот шешімін орындамай, көлікке қайта отырып, өзгелердің өміріне қауіп төндіруін қояр емес.


Сауалға жауап қайтарған прокурорлар қазіргі қолданыстағы заңның жеңіл екенін, ереже бұзушыларды онша қатты қорқытатындай емес екенін мойындады. ӘҚбК 612 бабы 3 бөлігі (көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы) бойынша жаза тым жеңіл, тек 10 АЕК көлемінде (25 250 теңге) айыппұл көзделген. Соған байланысты бұл бап бойынша жазаны күшейту қажеттігі туындап отыр, балама жаза ретінде қамауға алуды енгізуге болады, – деп хабарлады бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов.


 




Көрілген: 1041    Пікірлер: 0

жұма, 03.05.2019, 15:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31