Жаңа жыл алдында 700-ге жуық адамның жұмыссыз қалу қаупі бар. Кублей зауытының жұмысшыларының әділдік іздеп шырылдағанына біршама уақыт өтсе де іс толық шешім табар емес.
27 желтоқсанда осы дауға сот шешім шығаруы тиіс. Егер әділ судья зауыттың қасындағы үйлер қалсын десе, осынша адамға жұмыс беріп отырған кәсіпорын жабылу қаупі бар.
Ал, Орал кішкентай қала. Ол жердегі халықтың біразын асырап отырған осындай компаниялар.
Жұмысшылардан бөлек, Кублейге малы мен балығын, тауығын таситын үш мың кәсіпкер де қиналады. Себебі, олар жылдар бойы өнімін тұрақты түрде осы консерві зауытқа өткізеді.
Ал елді осынша әуреге салған Орал қаласы әкімдігі көп болса айыппұл арқалайды.
Ал, шенділердің заңды белден басып, зауыт аумағындағы жерге тұрғын үй салуға рұқсат бергенін талай айттық.
Судьялардың заңсыздығы да осы жерге талай жазылды. Бірақ ештеңе өзгерген жоқ.
Жұмысшылардың соңғы үміті жаңа жыл алдындағы сот шешімінде.