Мәселе

Құдалық пен қыз ұзату тойын өткізген алматылықтарға ірі көлемде айыппұл салынды

  • Құдалық пен қыз ұзату тойын өткізген алматылықтарға ірі көлемде айыппұл салынды

    Құдалық пен қыз ұзату тойын өткізген алматылықтарға ірі көлемде айыппұл салынды

Алматыда 3 801 әкімшілік хаттама толтырылды, 2 693 жеке тұлғаға маска режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Алматы қаласында кәсіпкерлік нысандар мен жеке тұлғаларға бір аптада бес миллион теңге айыппұл салынды. Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне қарасты мониторингтік топ он нысан мен 51 жеке тұлғаның карантин режимін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сонымен қатар әкімшілік соттың қарауына бір материал тапсырылған.

Қалада мониторингтік топ 17 тамыздан бері шағын және орта бизнестің эпидемиялық талаптарды сақтауына қатысты тоғыз мыңнан астам тексеру жүргізген.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 3 801 хаттама толтырылды. 2 693 жеке тұлғаға маска режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Шағын және орта бизнестің 1 635 субъектісі өз еркімен қызметін тоқтатты. Сотқа 19 материал тапсырылған", - деп хабарлады департамент.

Негізгі тәртіп бұзушылықтар – маска режимінің сақталмауы, жұмыс режимінің бұзылуы, дезинфекциялық құралдардың болмауы, жаппай көпшілік шараларды ұйымдастыру.

"18 қыркүйекте Жетісу ауданында орналасқан "Данияр" мейрамханасында ұзату той өткізілгені туралы ақпарат келді. Одан кейін жедел түрде мониторингтік топ Жетісу ауданының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп тексеруге барған. Банкет 50 адамның қатысумен өткізілген. Жеке кәсіпкерге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-тармағы бойынша 230 АЕК (638 940 теңге) мөлшерінде әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды", - деді департамент өкілдері.

Одан бөлек, 20 қыркүйекте түнде Медеу ауданында жекеменшік үйде құдалық өткізіліп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Жеке тұлғаларға қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылған.

Әуезов ауданының мониторинг топтарының жұмысы барысында "Мята" кафесінің түнгі 23.00-ден кейін жұмыс істегені, сондай-ақ, адамдардың топтасып, жиналғаны анықталды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-тармағына сәйкес, 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, бас мемлекеттік дәрігердің қаулысына сәйкес, отбасылық мерекелерді, есте қаларлық шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, құдайы тамақ) өткізуге тыйым салынған. 




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 16:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31