«Құдай өзі кешіре көрсін»: Тағы бір әйел 4 баласы мен өзіне қол жұмсайтынын айтты

11 желтоқсан 2021, 23:58

Бұған дейін оралдық әйелдің 3 баласымен биік ғимараттан секіргісі келетінін жазған едік. Енді кедейлік пен әділетсіздіктен шаршаған алматылық әйел де 4 баласымен о дүниеге аттануға дайын отыр, деп хабарлады turkystan.kz.

«Өзіме қол жұмсаймын, балаларыма да. Құдай өзі кешіре көрсін. Басқа амалым жоқ», – дейді Ақмарал Асабаева.

Айтуынша, 2018 жылы күйеуі екеуі баспана алған. Оны әйел өз әкесінің атына рәсімдепті. Себебі болашақта өздерінде несие болып қалады деген қорқыныш болған.

«Әкем сол жылы инсульт алып қатты ауырып, комаға түсті. 4-5 күннен соң қайтыс болды. Өмірден озардан бұрын «құжаттарды алып кет» деп шақырған болатын. Оны үйге алып келіп, тығып қойдық. Анам бір күні келіп, менен сол құжаттарды сұрады. Арам ойым жоқ, бердім. Сөйтсем, ол үйді сатып жіберген екен», – дейді етегі жасқа толған Ақмарал.

Содан жұмыссыз қалған күйеуі далада қалдық деп оны кінәлап, үйінен кетіп қалған.

«Мен өзімді қатты кінәлі сезінемін. Сол үшін өмірден баз кештім», – дейді шарасыз әйел.

turkystan.kz.