Құдайбергенов "Қазақстан халқына" қоры туралы: Бір күндік жалақыны аударуды тоқтату керек

17 қаңтар 2022, 17:57

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов қорға бір күндік жалақыны аудару үрдісіне қатысты пікір білдірді. Ол Facebook-парақшасында бұл тәжірибені тоқтату керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Экономист халық "Қазақстан халқына" қорына ақша аудармай, керісінше алу керек екенін айтты.

 

"Мемлекеттік қызметшілер немесе жеке компаниялар бір күндік жалақысын аударатын үрдіс байқалады (қорға - еск.). Бұл қор мүлде бұл мақсатқа арналмаған. (...) Қор бір кездері салықтан жалтарып, ақшасын шетелге шығарып, енді азаматтық санасын көрсетуге дайындар үшін. Сондай-ақ, бай адамдар мен заңды кірісі бар компаниялар да аудара алады. Мүмкін, басқа да табыс көздері табылар. Аз ақша аударғысы келсе, тіпті қарапайым адамдар да жасай алатыны анық. Бірақ бір күндік жалақыны аудару үрдісін тоқтату керек", - деп бөлісті Олжас Құдайбрегенов.

 

Еске салайық, 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.

 

16 қаңтарда "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі сайланды.