Мәселе

Күдіктіні қинағаны үшін сотталған төрт полицейдің туыстары шу шығарды

  • https://www.ktk.kz

    https://www.ktk.kz

Ақтөбеде тергеу кезінде күдіктіні қинағаны үшін сотталған төрт полицейдің туыстары шу шығарды. 100-ге жуық адам облыстық прокуратура ғимаратының алдына жиналып, істі қайта қарауды талап етті. Үкім өткен жұмада шыққан. Алматы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қарамағындағы үш қызметкерімен қоса 4-5 жылдан арқалады. Олар әкімшілік жазаға тартылған тұрғынды қинап, бірнеше қылмысты өз мойнына алуға мәжбүрлеген деп айыпталған болатын.


Ақтөбедегі облыстық прокуратура ғимаратының алдында таңнан бері қаптаған адам. Бұл жерге тергеу кезінде күдіктіні қинағаны үшін сотталған төрт полицейдің туыстары мен әріптестері жиналды. Олар жақындарының жазықсыз сотталғанын айтады.


Әсия Мырзабекова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:


- Егер де олар соншама заңды бұзушы жаман адам болса, неге менің балама медаль береді? Лаңкестермен күрескенде менің балам керек болды да, бүгін керек болмай қалды ма? Ертең әр қызметкерге осындай рецидивист көрсетіп жіберіп, бәрін соттап жібермеуге кім кепіл?


Алматы ауданындағы полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Руслан Есановтан бастап, қарамағындағы үш қызметкері 4 жылдан ес жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Олар осыдан сегіз ай бұрын әкімшілік жазаға тартылған нашақорды қинап, тергеу кезінде білгенін істеген көрінеді. Осылайша оған жасамаған қылмысын мойындатпақ болған.


Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі:


- Полиция қызметкерлері Құлмұхамбетовке жасамаған әрекетін мойындату үшін оның арнамысы мен қадір-қасиетін физикалық және моральдік азап келтіру арқылы қорлаған. Сот үкімі бойынша Есанов Руслан, Темірғалиев Марат, Таласбаев Асылбек және Ходжибаев Дастан ҚК 146-бабы, 5-бөлігі, 1 тармағы бойынша кінәлі деп танылды.


Прокуратура алдында жиналғандар аталмыш үкіммен келіспейді. Өйткені жәбірленуші осыған дейін 7 рет сотталып, соңғы рет қару ұрлағаны үшін ұсталған көрінеді. Бірақ ол үшін жауапқа тартылмады деп отыр.


Данияр Темірғалиев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:


- Жәбірленуші болып отырған нашақордың қасындағы кі сыбайласы 7 жылдан арқалап кетті. Мынаны полиция қызметкерлерін үстінен жәбірленуші болып танылғасын, прокуратура қызметкерлері оны қылмыстан құтқарып алды.


Наразы топ облыс прокурорымен кездесуді талап етті. Бірақ ол орнына орынбасарын жіберген.


- Бізде заңда белгіленген мерзімдер бар. Қылмыстық істі зерттейміз. Оған заңды негізделген іс жүргізу шешімі беріледі. Полицейлерге қатысты сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.


Сондықтан облыстық сотқа апелляциялық шағым түсіруге уақыты бар. «Үкім көшірмесі қолға тиген бойда арыз жазуға кірісеміз», - дейді наразы топ.


ktk.kz






Көрілген: 339    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.09.2019, 10:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30