Мәселе

"Күдіктінің ата-анасы ұлдарынан бас тартып отыр": Адвокат Аяжан Еділованың ісі неліктен ұзаққа созылып кеткенін айтты

  • "Күдіктінің ата-анасы ұлдарынан бас тартып отыр": Адвокат Аяжан Еділованың ісі неліктен ұзаққа созылып кеткенін айтты

Аяжан Еділованың өліміне қатысты жәбірленуші тараптың адвокаты істің қалай жүргізіліп жатқаны жайлы сөз қозғады. Ол барлық сараптаманың нәтижелері дайын болған соң іс сотқа жіберілетінін жеткізді. Бұл туралы 31 арнаның "Ащы да болса, шындық" бағдарламасында айтылды.

Адвокат Қадыржан Ғалымжанұлының айтуынша, бұл іс бойынша шамамен 30-ға жуық сараптама тағайындалған. Олардың жартысына жуығының жауабы шыққан. Ал тергеудің ұзаққа созылуының бірқатар себебі бар.

 
"Іс өте күрделі, бәлкім, сарапшылар мұндай оқиғамен бірінші рет бетпе-бет келіп отыр. Сарапшылар қиын сұрақтардың жауабын іздеуде. Мамандандырылған прокуратура бұл тұрғыда өте жоғарғы деңгейде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда прокуратура тек адам өлтіру бабынан бөлек басқа да нұсқалардың барлығын қарастырып жатыр. Атап айтсақ, қыз зорланды ма, зорланбады ма, адам денесін саудалау, қандай діни ағымдарда болды деген сынды нұсқалардың кешенін зерттеуде", – дейді заңгер. 

Бұған қоса, ол халық арасында айтылып жүрген жаңсақ пікірлерге тоқталды. 

"Өзінің тәнін сатуға барған, ақшаға келіскен деген сынды қауырт сөздер айтылып жүр ғой. Бірақ сол күні Аяжан Қыдырәлі деген досымен киімге, бартерге байланысты сөйлескен. Бірақ интернет қолданушылары "Неге тапсырыс алуға түнде үйіне барған?" деп сұрап жатады. Аяжан сол түні жұмысынан шығып, күдіктінің тапсырысы үшін оның үйіне киім өлшемін жасауға барған. Ал білетініміздей, бұл ақылы түрде жүзеге асырылады. Сол жоспармен Төребаевтың үйіне кірген. Ары қарай не болғаны тергеуге ғана мәлім. Егер халық арасында айтылып жүрген сөз рас болса, Аяжан сол түні әріптесіне бартер туралы және жігітіне өзінің қайда екенін жазып жібермейтін еді. Менің адвокат ретіндегі пікірім", – дейді ол.

Қорғаушының сөзінше, күдіктінің туыстары одан бас тарқан.  

"Менің білуімше, Төребековтың ата-анасы, туыстары одан бас тартып отыр. Қорғаушы мемлекет тарапынан тағайындалған. Бұл менің пікірім. Адами тұрғысынан қарасақ, ол кісілерге де өте ауыр. Тәрбиелеп өсірген баламыз сұмдық қылмысқа барып отыр. Енді біз қай бетімізбен кешірім сұраймыз деп ойлауы да мүмкін", – дейді Қадыржан Ғалымжан. 

Сонымен қатар заңгер істің қашан сотқа жіберілуі мүмкін екенін айтты. 

"Тергеу мерзімі созыла береді, болжам бойынша сараптама қорытындысы шығып, қажетті адамдардан жауап алынғаннан кейін іс сотқа жіберіледі. Өз тәжірибемде мұндай қатыгез түрде жасалған қылмыспен бірінші рет жұмыс жасаудамын. Біздің елімізде мұндай ауыр қылмыс практикасы жоқтың қасы", – дейді адвокат. 

Еске салсақ, бұған дейін Аяжан Еділованың туысы марқұм жайлы айтқан болатын. 




Көрілген: 744    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 11:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31