Мәселе

Құқық қорғаушы 18 жастағы зорланған қыздың киімін көпшілікке көрсетті

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Facebook әлеуметтік желісіндегі «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Смаилова 18 жастағы қыздың зорланғанын дәлелдеу үшін оның киімін желіге салды. Құқық қорғаушының айтуынша, бұл қылмыстық іс полицейлердің «Өзі кінәлі» деп айтуымен қозғалусыз қалған. Енді ол прокуратурадан үміт күтетінін жазды деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.


Құқық қорғаушы 18 жастағы бойжеткеннің қалай зорланғанын өз парақшасында жариялады.


«18 жастағы бойжеткенді құрбысы пәтерге кішігірім отырысқа шақырған. Басында ол келіспегенімен, кейіннен қасындағы қыздың көңілін қимапты. Өздері Алматы қаласының айналасндағы ауылардың бірінен келген. Сөйтіп қыздар болып жиналып жігіттердің шақырған пәтеріне барады. Ол жерде күліп-ойнайды, ішеді. Кейбіреуі масайып қалған. Бір уақытта қыздың кеткісі келген екен. Алайда, сол жердегі жігіттердің бірі оны жібергісі келмеген. Пәтерді жауып, кілтті тығып тастапты.


Жігіт өзінің жыныстық қатынаспен айналысқысы келгенін ашық айтқан. Бірақ қыз қарсылығын білдіреді. Бірақ оның көнюегеніне қарамастан, әлгі жігіт қызды құрбыларының көзінше ұрған.


Соққы алған ол жуынатын бөлмеге қашып барып, полицияға хабар береді. Алайда, олар келе қоймаған. Пәтерден шығып қашпақшы болғанымен, жігіттің біреуі оны ұстап алады. Сөйтіп жуынатын бөлмеге апарып, жаман ойын іске асырған. Одан кейін жататын бөлмеде 40 минут бойы зорлаған. Ісін бітіргенде ғана қыз пәтерден қашып шығып, дәріханаға жүгірген. Бір сағат бұрын шақырған полиция сол кезде ғана келіпті. Ал құрбылары оны зорлап жатқанда қашып кеткен екен.



Бұл оқиға Алматы қаласында 11 мамыр айында болған, тергеуші С.А қыздан жауап алып, жібере алған. Бүгін осы іс бойынша Алматы қаласының прокуратурасына бардым, енді қолға алынатын шығар», – деп жазды Дина Смаилова. 




Көрілген: 1670    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.07.2019, 17:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31