Мәселе

Құлдықта болған 22 жыл. Қарағандылық әйелдің оқиғасы

  • © Aibat

    © Aibat

Қарағанды облысында 22 жыл бойы құлдықта болған әйел бұл жағдайға қалай тап болғанын айтып берді деп хабарлайды Aibat жаңалықтар қызметі.

 

40 жастағы Мәдина Аманбаева өмірінің 22 жылын құлдықта өткізгенін айтады. Бұл уақытта ол үш бала босанған. Сөзінше, жастайынан жетім қалып, балалар үйінде өскен. 9-сыныпты бітірген ол оқуға түсуді мақсат етіпті. Алайда балалар үйінің тәрбиешісі оны ауылға барып, шаруашылыққа көмектесуге көндіреді. 1998 жылы олар фермаға келіп, тұра бастайды.

 

Сыныптасым шыдамай, қашып кетті, түнде пойызға отырып, бас сауғалай жөнелді. Алғашқы жылдары қиын болмады, бірақ кейіннен ерлер істейтін қара жұмысқа жегіп қойды. Адам құрлы көрмейтін болды. Күң секілді пайдаланды: қыста ферманың қарын күреп, су тасып, көң тазалайтынмын, жазда шөп шауып, мал бағып, сиыр сауып, сеператор тартқызатын. Таяқпен ұрған кездері де болды. Денемді ыстық шәйнекпен күйдіретін. Арқамның бәрі тыртық. Бір күні келіп, үстіме ыстық су құйып жіберді. Ауруханаға алып бармады. 17 жаста болғанымда қашып кетуге тырыстым, бірақ олар мені ұстап алды, – дейді Мәдина.

 

22 жасында ол босаныпты.

 

Қызымды да ұратын. Оған үйлерін жинатқызатын. Ол байғұс ертегідегі Күлшеқыз секілді жүретін. Маған да көмектесетін. Шашынан сүйреп, қамшымен сабайтын. Адамсың ба, итсің бе демейтін, – дейді ол.

 

Айтуынша, ол бұл туралы ешкімге айтуға қауқарсыз болған. Үшінші баласын босанғаннан кейін ферма иесінің әйелі Мәдинаға айтпай, дәрігерлерге ақша беріп, оны мәжбүрлеп стерилизациялаған. Бұған қоса, балаларына берілген жәрдемақының барлығын иелері өздеріне алып отырған.

 

Мәдина 2020 жылы бір шопанның фермадан қашып кеткенін айтады. Ол ферма иелерінің қатыгездігі жайлы құзырлы органдарға хабарлаған.

 

Тексеруге келген адамдарға жылармандай болып жалындым. Оларға күні-түні тынымсыз еңбек етіп шаршағанымды айттым. Сол кезде бостандыққа шықтым. Бірақ балаларымды бермей қойды. Олар ауылдан кеткенше жолымызға бөгеу болуға тырысты, – дейді Мәдина.

 

Сонымен қатар ол ферма иесінің бауыры өзінің кәмелет жасына толмаған қызын азғындамақ болғанын жеткізді.

 

Айта кетсек, қазіргі таңда адамдарды құлдықта ұстағандарға қатысты тергеу жалғасуда. Мәдина Аманбаева куәгер ретінде жауап беріп жатыр.

 

 

 

BAQ.KZ

 

 

 

 




Көрілген: 582    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.08.2021, 00:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30