Мәселе

"Құлмын ба? Сөйлемейтін малмын ба?": Ақтөбеде атақты университетте дау шықты

  • "Құлмын ба? Сөйлемейтін малмын ба?": Ақтөбеде атақты университетте дау шықты

Ақтөбедегі атақты оқу орнында дау шықты. Мемлекеттік университет ректоры лауазымына үміткерлердің бірі директорлар кеңесін сотқа берді. Тарих ғылымдарының докторы оқу орны басшысының бос орнына конкурс өрескел бұзушылықтармен өтіп жатқанына сенімді. Ол, тіпті, бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке де айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

"Ақтөбе мемлекеттік университеті директорлар кеңесінің бізге, өтініш берушілерге деген құрметсіздігі мен менсінбеуіне назар аударыңыз. Олар бізді кім деп ойлайды?! Мен құлмын ба? Сөйлемейтін малмын ба? Мен директорлар кеңесінің құрамына сенімсіздік білдіремін", - деді тарих ғылымдарының докторы Талғат Жұмағанбетов.

 
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ректорының орнына конкурстың бірінші кезеңі 2 қарашада өтті. Барлығы 11 үміткер өтініш білдірді. Олардың арасында тарих ғылымдарының докторы Талғат Жұмағанбетов те бар, ол алғашқы үштікке ене алмаған. Алайда, бұл профессордың алғашқы сәтсіз әрекеті емес. Бірақ бұл жолы ғылыс докторын өзі танымайтын жас магистранттың алдын орап кеткені ашуландырды. Оның үстіне директорлар кеңесі кандидаттарды қандай параметрлер бойынша таңдағанын түсіндірмеген.

 Бірінші кезеңде оларды директорлар кеңесінің алты мүшесі жасырын дауыс беру арқылы таңдайды.  Бірақ соңғы таңдауды білім министрлігі жасайды. Сондықтан ренжіген профессорға жеңілісін мойындауға кеңес берді.

"Кандидаттың жұмыс тәжірибесі мол, ғылыми дәрежесі жоғары болуы мүмкін. Бірақ біз ең алдымен оның бағдарламасына қараймыз. Оның болашақ ректор ретінде алдына қандай мақсаттар қоятынына қараймыз. Ол университетті басқаруға қаншалықты дайын екенін қараймыз", - деді Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ директорлар кеңесінің мүшесі Бұлбұл Күзембаева.




Көрілген: 572    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.11.2020, 10:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31