Мәселе

Құмар ойын құрбандарының аналары ІІМ басшысына үндеу жасады

  • Құмар ойын құрбандарының аналары ІІМ басшысына үндеу жасады

    Құмар ойын құрбандарының аналары ІІМ басшысына үндеу жасады

Құмар ойын құрбандарының аналары ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевқа үндеу жасады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Телеарнадағылардың мәліметінше, Әйелдердің республикалық кеңесі ойын клубтары клиенттерді қарызға батырудағы әккі әдісін меңгеріп алған дейді.


Ханзада Балтаева Астанада талай отбасы казино кесірінен ойран болғанын айтады. "Мен өзім бұл мәселе бойынша арнайы зерттеу жүргізіп, барлық ойын клубтарында болдым. Ол жердегі адамдар зомби секілді. Алкогольді сусындар, тіпті, белгісіз дәрілер де сатылады екен. Қоғамдық жұмыспен айналыстатындардың бұл мәселені шешуге күштері жетпейтіні анық. Мен камерамен кіретін болсам, мені бірден қуып шағады ғой. Сондықтан да, Ерлан Заманбекұлы бірігіп жұмыс жасауымыз керек", - деді "Әйклдердің республикалық кеңесі" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы Ханзада Балтаева. Бұл проблемамен күреске әзірге тек "Нұр Отан" партиясы ден қойып отыр. Қаңтар айында партия өкілдері букмекерлік орындарда ұтыс тігуге тиым салатын тізім құруды және құмар ойындарының жарнамасын азайту мен онлай-казиноларды бұғаттау туралы бастама көтерген еді. Телеарнаның мәліметінше, енді партияның Мәжілістегі фракциясы ойын бизнесіне байланысты заңды күшейтуге бел буып отыр.

 




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 10:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31