Мәселе

Күнге шықса, қиналады: Ақтауда "аппақ" қыздар дүниеге келді

  • Күнге шықса, қиналады: Ақтауда

    Күнге шықса, қиналады: Ақтауда "аппақ" қыздар дүниеге келді

Айман Сарқытова – үш баланың анасы, олардың екеуі – альбиностар. Әйел өзінің ерекше екі қызының күнделікті сыртта жүргенде қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.


38 жастағы Айман Сарқытованың алғашқы жүктілігі ерекше өткен. Өйткені ол альбинос қызды дүниеге әкелді. Оның айтуынша, қарапайым қазақ отбасы үшін мұндай жаратылыс таңсық болған.


«Мен мұның қайдан шығатынын, неге бұлай болып жатқанын түсінбедім. Ал екіншісі дүниеге келген кезде альбиностар дегеніміздің кім екенін білдік. Мұндай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келгенде көптеген сауал туындайды», - деді Айман Сарқытова.


Әйелдердің айтуынша, дәрігерлердің өзі таңғалған. Оның үстіне бүгінде 14 жасқа толып отырған Әсел жеті айында туып, біраз уақыт инкубаторда жатқан.



«Бала неге альбинос болып туды деп ұзақ ойландық. Алайда анам мен енем тұқымымызда мұндай балалардың болғанын айтты. Сол себепті біз бұл факторлар отбасымызға әсер етіп отыр деп ойладық. Олардың арасында бір ұл бар. Ол - шашы мен көзі қара қазақ», - дейді Айман Сарқытова.


Айманның тұңғышы Әсел жалпы білім беретін №10 мектепте білім алады. Бұған дейін арнайы мектеп пен балабақшаға барған. Себебі, альбинос балалардың көзі көрмейді.


«Альбиностарға күн жақпайды, сол үшін сыртқа тек қолшатырмен шығамыз. Көзілдірік кигеннің өзінде көлеңкеде жүруге мәжбүр. Күнге қыздырынуларына болмайды. Үлкенім ненің дұрыс-бұрыс екенін өзі біледі. Ал кішісіне әзірге қамқор болып жатырмыз. Барлық альбиностың көруі нашар. Біз әрі қарай не істеу керегін түсіну үшін Астраханьға бардық. Алайда ол жақта бар болғаны күтім жасауымыз керегін айтты. Кешкі уақытта, ғимараттың ішінде жақсы көреді. Ал күнге шықса қиналады», - дейді әйел.



Айманның кіші қызы – Кәмилла бір жарым жаста. Оның альбинос болып тууы отбасы үшін күтпеген жаңалық болды. Себебі, бір отбасында бір ғана альбинос дүниеге келеді деген статистика бар.




Көрілген: 1426    Пікірлер: 0

жұма, 16.08.2019, 12:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30