"Күннен-күнге нашарлап жатыр": Шымкенттік 6 жасар Айаруға көмек қажет

23 желтоқсан 2021, 22:38

Шымкентте қызы ауыр дертке шалдыққан жалғызбасты ана қайырымды жандардан көмек сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арансына сілтеме жасап.

Алты жасар Айару Қадырдың екі бүйрегі жұмыс істемейді. Тәулігіне 20 сағат диализ апаратына қосулы жататын балақайдың хәлі күн өткен нашарлап барады.

"Көзі мен жүрегі нашарлап, сүйегі де де қисайып барады" - дейді анасы. Арман болған донор Түркиядан табылыпты. Бірақ трансплантацияға 11 миллион теңге керек. Ал пәтер жалдап жалғыз қызының жанынан бір сәт те ұзай алмайтын жұмыссыз әйелде бұл қаржының бір пайызы да жоқ. Туғаннан созылмалы бүйрек дертіне шалдыққан Айарудың былтыр екі бүйрегі де істен шыққан. Содан бері қайырымды жандардың көмегімен алынған үйдегі диализ апаратында қосулы. 

Медициналық білімі бар анасы Мақпал Алтынбекова қасынан кетпейді. Бүйректері істемейтін қызына дәрілерін береді, тиісті ем-домын жасап жүргенде "Түркиядан донор табылды" деген қуанышты хабар жеткен. Ол үшін Айарудың анасы өзге науқас балаға өзінің бүйрегін беру керек. 

"Қызымда туғаннан қойылған диагноз, мен берген күннің бүйректі ағза қабыдамауы мүмкін. Сол үшін мен ол жақтан басқа донор таптым Түркия елінде. Мен оның 13 жасар баласына өз бүйрегімді берем, оның 47 жастағы мамасы менің қызыма береді. Өзара донорлыққа қуана-қуана келістім. Ал енді мен ондай мүмкіндікті жіберіп алсам, ондай донор қашан келеді маған? Менің қызым күннен-күнге нашарлап бара жатыр", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Мақпал Алтынбекова.

Бүйрегі істемейтін қыздың қан қысымы өте жоғары, көзі де күн өткен сайын нашарлап, диализде көп жатқандықтан ағзадағы кальций шайылып, аяқ сүйектері де қисайып барады. Сондықтан Айарудың анасы 27-желтоқсанға дейін 11 миллион теңге жинап, науқас қызымен бірге Түркияға аттануы керек. Бірақ қызы ауру болған соң күйеуі тастап кеткен жалғызбасты анада соқыр тиын жоқ. Сондықтан қайырымды жандардан көмек сұрайды. 

"Құрметті қазақ елі, қызыма көмек қолын созсаңыздар. Сіздер үшін кішкентай болса да, маған үлкен көмек. Бір теңге, 100, 200 теңге салсаңыздар да, маған көп көмек сол. Қызыма көмектессеңіздер. Қызымды аман алып қалуға атсалыссаңыздар, барлығыңыз", - дейді анасы.

Ал балалық шағын тек аурухана мен үйдегі аппаратқа таңулы өткізіп келе жатқан бүлдіршін не тәтті, не тұзды тағамның дәмін көрмеген.  

Қуыршағын емдеп ойнайтын қыз өскенде дәрігер болғысы келеді. Айарудың анасы қызының аяғынан тұрып кетуіне жомарт жандар қол ұшын созады деп сенеді. Ал Айаруға көмек беретін қайырымды жандар болса, төменде көрсетілген реквизит арқылы аударым жасауға болады.