Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Құрманәлиев құрықталып, Артықбаевқа іздеу жарияланды

04 мамыр 2011, 11:48

Ұзақ уақыт заңды белден басып, мемлекетті қыруар зиян шектіріп келген ұйымдасқан қылмыстың ұясы ашылды. Қаржы полициясы агенттігі кеше жариялаған қылмыстық істер туралы материалдар – осы сөзіміздің айғағы. Қаржы полициясы әшкерелеген ұйымдасқан топ мүшелері Қытаймен арадағы шекарадан контрабандалық жүк өткізумен айналысып келіпті.
Енді есептей беріңіз, «Қорғас» және «Қалжат» кедендік бекеттері арқылы апта сайын контрабан­далық жүк тиелген 200-ге жуық автокөлік өтіп отырған. Шекарадан өткен сайын әрбір автокөліктен 25 мыңнан 30 мың АҚШ долларына дейін заңсыз ақ­­шалай төлем алынған. Оның тек 5000 доллары ғана кедендік төлем ретінде бюджетке түскен, қалған ақша ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қал­тасына сүңгітіліп келген.
Үлкен қылмысты үлкен «бастықтар» қолдап келіпті
Осындай деректерді алға тартқан Қаржы поли­циясы агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мыр­заның басты жаңалығы да бұл емес екен. Аталған ке­ден­дік бекеттерде экономикалық контрабанда фак­тілерін анықтауға бағытталған арнайы жедел іс-шаралар кезінде Қытайдан Қазақстан Республикасына контрабандалық жолмен тауар әкелумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерінің ұзын саны 100-ге жетіп жығылатыны анықталып, соның 16-сына қатысты Қаржы полициясы қамауға алу туралы санкция алған. Олардың қатарында «Қорғас» кедендік бекетінің бастығы Айдаров, Ақмола облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының орынбасары Құрманәлиев, Алматы облысының кедендік бақылау департаментінің бастығы Құрманбек Артықбаев та бар. Ресми өкіл атал­ған лауазымды тұлғалардың алдыңғы екеуі қа­мауға алынғанын, Артықбаевқа іздеу жарияланғанын мәлім­деп отыр.
 «Контрабандалық жүкті дайындауды қылмыстық топ­тың «кубовщиктер» деп аталатын мүшелері Қы­тайда жүзеге асырған, одан кейін жүк Қазақстанға жөнелтілген. Шекарадан өткен соң контрабандалық жүк Алматы және Алматы облысының уақытша сақтау қоймаларында, одан әрі кедендік тазалаудан өткізу мақсатында қылмыстық топ мүшелерінің бақылауымен кедендік бекеттерде жалған құжаттар мен инвойстар бойынша рәсімделген», – деді ұйым­дасқан қылмыстың әрекет ету жолын егжей-тегжейлі баяндаған М. Жұманбай. Оның айтуынша, қыл­мыс­тық топ мүшелері қатаң тәртіп пен ішкі иерархия сақ­таған, топтың әрбір мүшесіне контрабандалық жүктің трас­саның бекітілген бөлігінен бөгетсіз өткізу бойын­ша міндеттер жүктелген. Оған Қытайда жүкті тиеу, ше­карадан өту, уақытша сақтау қоймасына дейін апа­ру, кедендік тазалау және Алматы қаласының қой­маларына түсіру жатады.
Әрбір операциядан кейін ұйымдасқан қыл­мыстық топ мүшелері басшыларына кон­трабандалық жолмен кірген авто­кө­ліктер саны, алынған ақшалай қаражат сомасы туралы есеп беріп отырған. Ал шекарадан апта сайын қанша көлік өтетінін сөз басында айттық.
Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты барлық айғақтарды Бас прокуратура жеткілікті деп тапқандықтан, 27 сәуірде оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оны басқару, қызметіне қатысу және экономикалық контрабанда фактілері бойынша қылмыстық іс қоз­ға­лыпты. «Ал 28 сәуірде ұйымдасқан қыл­мыс­тық топ мүшелерін бір уақытта ұстау, оған қоса, Алматы және Алматы облы­сы­ның аумақтарында, оның ішінде «Қорғас» жә­не «Қалжат» кедендік бекеттерінде, «Да­му», «Сторин Хаус» уақытша сақтау қой­маларында және қылмыстық топ мү­ше­лерінің тұратын мекенжайларында тін­ту жүргізу операциясы жүргізілді. Бе­кет­тер­дегі және қоймалардағы тінтулермен 1,5 млрд теңгенің контрабандалық жүгі тиелген 32 автокөлік анықталды. Қытай Халық Республикасының заңды тұлғала­ры­ның жалған мөрлері және осы мөр­лермен расталған толтырылмаған таза бланк­тер алынды. Қылмыстық топ мү­ше­лерімен байланысты сегіз брокерлік ме­кеме анықталды», – дейді ресми өкіл.
Қаржы полициясы келтірген деректерге қа­рағанда, ұйымдасқан қылмыстық топ мү­­шелерінің 2006 жылдан бері заңсыз жол­мен жинап, заңдастырып алған мүл­кі­нің көлемі 130 млн АҚШ долларынан асып­­ты. Мысалы, топ мүшелерінің Алматы жә­не Астана қалаларындағы 44 пәтері, 12 үйі, жеті жер телімі, (мысалы, топ мү­шелерінің бірінде Алматы маңында 15 млн доллар тұратын 40 га жер телімі бар), 47 автокөлігі, 10 КамАЗ, әрбіреуі 100 мың­нан астам АҚШ доллары тұратын 40 реф­режератор, екінші дәрежелі банктегі 12 есепшот, үш сейф-ұяшық, төрт кәсіп­орын, үш техникалық қызмет көрсету стан­сысы, екі автоорталық және мейрамханасы бар екені анықталған. Аталған мүліктің ба­сым бөлігі ұйымдасқан қылмыстық топтың бас­шылары Отарбаев, Қайырбаев және топтың кассирі Төлебаевқа тиесілі екен. Анықталған мүліктерге және сондай-ақ Бас прокуратура және Интерпол арқылы топ мүшелерінің шетелдегі активтеріне де тыйым салынып, оны қайтару және қыл­мыстық іс бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр.