Мәселе

Құрылыс компаниялары Алматының келбетін жақсартуға дайын

  • Құрылыс компаниялары Алматының келбетін жақсартуға дайын

    Құрылыс компаниялары Алматының келбетін жақсартуға дайын

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс компаниялары мен салалық бірлестіктердің басшыларымен кеңес өтікізді. Кездесу барысында қираған ғимараттарды қалпына келтіру және қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қала басшысы жаппай тәртіпсіздіктер барысында бұзылған әкімшілік және басқа да ғимараттарды қалпына келтіру қажеттігіне назар аударды. Қысқа мерзімде жағдайды бағалауды жүргізу және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісу міндеті тұр. Құрылыс саласы одағының төрағасы Ералы Сауранбаевтың айтуынша, компания басшылары қаланы қалпына келтіруге және Алматының келбетін жақсартуға белсенді қатысуға дайын. Бүгінде құрылыс компаниялары қызметкерлері қала әкімдігі ғимаратын тазартып жатыр. Оған шамамен 660 адам жұмылдырылып, жақын арада тазарту жұмыстары аяқталады. Қираған жиһаз, кеңсе техникасы, қоқыс жиналып, кәдеге жарату үшін полигондарға шығарылады.
ҚазАқпарат




Көрілген: 548    Пікірлер: 0

жұма, 14.01.2022, 01:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31