Құс тұмауы: СҚО-да ауыл тұрғындары өтемақыны толық алмағанына наразы

22 қазан 2020, 09:23

Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауынан зардап шеккен ауыл тұрғындары мен фермерлер өтемақының тек 30 пайызын алған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

 

Телеарна мәліәметінше, жергілікті фермерлер осы құстардың арқасында күн көріп отырған.

 

Жергілікті тұрғын Александр Засыпкиннің айтуынша, 600 қаз, 1000 бройлер және 400 үйрек қырылған. 5 миллион береді деп ойладым, бірақ тек 1,5 миллион төледі дейді кәсіпкер.

 

Эпизоотиялық отрядтың өкілдері құстардың иелері құжаттардың толық емес тізімін ұсынбағандықтан өтемақы толық берілмегенін айтады.

 

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта облыста 53 құс иесі өтемақы алды. 1500-нан аса фермерге алдағы уақытта беріледі дейді.

 

kaz.tengrinews.kz