Мәселе

Күйеуі «балталап» тастаған әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды

  • Күйеуі «балталап» тастаған әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды

    Күйеуі «балталап» тастаған әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды

Күйеуі соққының астына алып, балталап тастаған әйелдің қазіргі хәл-ахуалы белгілі болды. Түркістан облысын, Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны 46 жастағы емхана медбикесі болып қызмет атқарады. Ол жантүршігерлік оқиғаның ізін ала жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда науқас әйел қанағаттанарлық жағдайда жатыр. Оны травматология бөліміне көшірген. Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен медбикенің сансыз жарақат алғанын мәлімдеді. Анықталғандай, оның бір көзі көрмей қалған. Одан бөлек, келіншек психологиялық тұрғыдан да зардап шеккен. Қазіргі таңда, дәрігерлер оның денсаулығы мен жағдайын жіті бақылап, ем үшін қажетті шараларды қолдануда. Еске сала кетейік, бұл жантүршігерлік оқиға күллі қазақ жұртшылығын дүрсілкіндірген болатын. Келес ауданы, Абай ауылында күйеуі өз әйелін көшеде кетіп бара жатқан жерінде балтамен ұрған. Аса ауыр жарақт алған келіншек бірден ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне түсті. Жолдасымен 15 жыл бойы бір шаңырақ астында тұрған келіншек ұзақ уақыт бойы одан жәбір көріп келгенін айтты. Алайда, адамшошырлық оқиға алдында ол қыздарымен бөлек көшіп кеткен. Бұл жайт отағасының ашуына тиіп, ол әйеліне көшеде шабуылдаған. Медбикені куәгерлер құтқарып қалды. Ол көп қан жоғалтты. Ер адам оқиға орнынан қашып кетті. Қазіргі таңда, "Қастандық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  




Көрілген: 1897    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.05.2020, 13:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30