Мәселе

Күзде карантин қайта күшейтіле ме: Үкімет басшысының орынбасары жауап берді

  • Күзде карантин қайта күшейтіле ме: Үкімет басшысының орынбасары жауап берді

    Күзде карантин қайта күшейтіле ме: Үкімет басшысының орынбасары жауап берді

 Вице-премьер Ералы Тоғжанов онлайн брифинг барысында қазақстандықтар күзде кезекті локдаунға дайындалу қажет пе деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы 17 қыркүйек күні елде COVID-19 пандемиясына байланысты карантин қайта күшейтіледі деген ақпарат таратып жатқанын айтты. Олар бұл ақпараттың қаншалықты рас екеніне қызығушылық танытып, қараша айында расымен күніне 5000 адам ауру жұқтыруы мүмкін бе деген сауал қойды. Өз жауабында Ералы Тоғжанов елде қайтадан локдаун енгізу жоспарланбағанын атап өтті. Оның сөзінше, Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталған. Бұған аурудың өсу деңгейінің азаюы мен инфекциялық және провизорлық стационарлардағы төсек орындардың босап қалғаны дәлел болып отыр. "Бүгінде аурудың өсуі деңгейі 0,1% пайыз болып отыр. Бұл - эпидемияға қарсы өткізілген шаралардың нәтижесі. Ауруханалардағы төсек-орындардың 17 пайызы ғана пайдаланылуда. Сондықтан, бүгінде жағдай тұрақты және карантинді қайта енгізуге ешқандай негіз жоқ деп айта аламын", - дейді үкімет басшысының орынбасары.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 1514    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 22:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31