Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қылмыстық топ ұсталды

27 қараша 2012, 11:21

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан топ қылмыс үстінде құрықталды. Олар Төле би даңғылының бойында оңай олжаны көліктеріне тиеп, ізін жазырмақшы болған жерінде қолға түсті. Топ мүшелерінің бесеуі де бұрын сотталған, біреуі адам саудалағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген.
Алматы қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасы мамандарының айтуынша, бұл қылмыстық топ пәтер тонаумен әбден машықтанып алған. Осылайша бой тасалап жүрген әккі ұрылар кезекті құрбанының пәтерінен санаулы сәттерде-ақ алтын әшекей бұйымдар мен сандық техника және көнерген бағалы монеталарды жымқырады. Топ мүшелері алдын ала келісілген жоспар бойынша әрекет еткен. Күдіктілердің біреуі есікті еш дыбыссыз ашуға машықтанса, екіншісі айналаны қырағы бақылап тұратын болған. Жоспарға сәйкес, үшінші баукеспе пәтер ішіндегі бағалы заттарды жым­қырады да, төртінші жігіт оңай олжаны тасымалдауға жауапты болған. Қара «Мерседес» мінген топ соңғы жәбір­ленушіге 2,5 млн теңге көлемінде шығын келтірген.
Арсен БАЙМҰХАНБЕТОВ, Алматы қаласы ІІД Криминалдық полиция басқар­масының бөлім бастығы, полиция подпол­ковнигі:
– Біз үшін күдіктілерді бұлтартпас дәлелдермен қылмыс үстінде құрықтау өте маңызды еді. Олар ұрлаған олжаны көліктеріне салып, қашып бара жатқан жерінде ұсталды. Топ тәртіп сақшы­ларына жалған ақпарат беріп, қанша құтылғысы келгенімен, ол әрекеттерінен ештеңе шықпады. Алдағы уақытта жүргізілетін тергеу амалдары бары­сында бұл бестіктің осы іспеттес нақты қанша қылмыс жасағандары анық­талатын болады.