Мәселе

Қыста еліміздің түрлі аймақтарында қатаң шектеулер енгізілуі мүмкін

  • Қыста еліміздің түрлі аймақтарында қатаң шектеулер енгізілуі мүмкін

    Қыста еліміздің түрлі аймақтарында қатаң шектеулер енгізілуі мүмкін

Қыста Қазақстанның түрлі өңірлерінде қатаң шектеулер енгізілуі мүмкін. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жедел орталығының директоры Альберт Асқаров осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында халықтың COVID-19 ауруының өсу қарқыны осы жылдың жазында тіркелген бірінші толқынның шыңына қарағанда төмен. Шілде айында коронавирус эпидемиясы шарықтау шегіне жеткенде Қазақстанда күн сайын орташа есеппен 1600-ден 1800-ге дейін COVID-19 оқиғасы тіркелген еді. Бұл ретте сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 3% - дан астамды құрады. Қазір республикада күн сайын тіркелетін COVID-19 оқиғаларының саны 600 &ndash ден 800-ге дейін, сырқаттанушылықтың тәуліктік өсу қарқыны 1% - дан аз", - деді Альберт Асқаров.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "елдегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына" сәйкес "қызыл аймаққа" тұрақты кірген өңірлер, атап айтқанда Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Бұл осы өңірлерде қосымша шектеу шараларын енгізуге себеп болды. Сонымен қатар, Қазақстанда COVID-19 екінші толқыны шарықтау шегі қыс айларында болуы болжанады. Мұндай жағдай орын алса, Қазақстанның басқа өңірлерінде де неғұрлым қатаң шектеулер қабылдауды талап етуі мүмкін. 

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес сауда-ойын-сауық орталықтарына сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат етілді.




Көрілген: 660    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.11.2020, 00:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31