Мәселе

«Қытай азаматына тұрмысқа шыққан»: белгілі заңгер жерді неге жеке меншікке беруге болмайтынын түсіндірді

  • «Қытай азаматына тұрмысқа шыққан»: белгілі заңгер жерді неге жеке меншікке беруге болмайтынын түсіндірді

    «Қытай азаматына тұрмысқа шыққан»: белгілі заңгер жерді неге жеке меншікке беруге болмайтынын түсіндірді

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында әлі де күн тәртібінен түспей тұрған жер мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, Қазақстан азаматы болса да жеке меншікке сатуға болмайды. Өйткені, жер кодексінің осал тұстары өте көп. 

«Жерді ҚР азаматтарына жеке меншікке сатуға болмайды.
Не үшін болмайтынын ашып түсіндіріп кетейін.

Себебі екі жыл бойы он гектар бір ауданды қытай зауыты уламас үшін күрестік!
Осы жерде сол ауыл тұрғындарының бәрі түгел отыр, өздері де жазар.
Мойындауымыз керек, біздің жер кодексінде осал жерлер өте көп. 

Сосын тағы бір айта кетер дүние, біз көп ұлтты елміз. Біздегі этникалық ұлттар да ҚР азаматы болып табылады.

Бадам ауылындағы он гектар ауыл шаруышылығындағы жер ұлты орыс ҚР азаматына сатылған. Жерді сатып алған соң, ауылдың ортасынан фосфор қалдықтарын өңдейтін қытайдың зауытын ашпақшы болады. Ауыл тұрғындары болып жабылып жүріп, он гектар жер үшін екі жыл шайқастық. Түбін зерттегенімізде жаңағы жерді сатып алған апамыз қытай азаматына тұрмысқа шығып алғаны анықталды. «Ештеңе істей алмаймыз, бәрі заңды» деді. Яғни ауыл шаруашылығына арналған жерді өндіріске деп аударып, зауыт ашу үшін жерді қоршап қойған. Қоғамдық келісім өткізіп, бүкіл ауыл қарсы болып, экологиялық экспертизаны қайта-қайта талап етіп ауылға зауытты салғызбадық!

Енді қараңыздаршы ертең кез-келген ҚР азаматы шет елдік азаматқа шыққан жағдайда, «жер ортақ» деп гектарлап жер алып, өздеріне зауыт немесе қала салып алуы мүмкін. 

Сол үшін біз жерді ҚР азаматтарына да сатуға қарсы болуымыз керек!
Жер ол ешкімнің жеке меншігі емес, жер бәрімізге ортақ!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.




Көрілген: 6146    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 13:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30