Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қытай ортақ өзен-суларды әділ пайдалануға уәде беріп отыр

20 тамыз 2013, 14:37

Кеше Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қытайдың сыртқы істер ведомство басшысы Ван Иды қабылдап, шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулер өткізді.
Келіссөздер кезінде екі елдің стратегия­лық әріптестігі жан-жақты талқыға салы­нып, оны ары қарай дамыту мәселелері пы­сықталды. Сондай-ақ келесі айдың ба­сында Қазақстанға Қытай Халық Республи­касының Төрағасы Си Цзиньпиннің сапа­рына дайындық мәселелері де қаралды. Министр Е.Ыдырысовтың айтуынша, қа­зақ-қытай ынтымақтастығы және біздің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылымыз екіжақты келіссөздердің басты тақырыбы болып саналады. «Біз талқылаған барлық мәселелер бойынша өзара түсіністік бар. Бұл екі елдің жақсы қарым-қатынасының көрсеткіші болса ке­рек», – дейді Е.Ыдырысов. Қытайдың сырт­қы істер министрі болса, өз елінің транс­шекаралық өзендерге қатысты ұста­нымын жеткізді.
Ван И, Қытайдың сыртқы істер министрі:
–Мен қазақстандық қоғамның трансшекаралық өзендердегі су ресурс­тарына қатысты мәселелерді тың­ғы­лықты қадағалап отыратындығын біле­мін. Біз министр мырза Ыдырысовпен бірге бұл мәселені талқыладық. Бұл мәселе бойынша Қазақстан мен Қытай арасында өте жақсы ынтымақтастық бар. Мен Қазақстан мен Қытайдың сенімді әріптес екендігін тағы да бір мәрте атап өткім келеді. Қытай транс­шекаралық өзендер бойынша Қазақ­стан мүддесіне зиян келетін еш қадамға бармайды.