Мәселе

Қытайдан қашқан қазақ кім?

  • Қытайдан қашқан қазақ кім?

    Қытайдан қашқан қазақ кім?

Оның есімі – Қалымбек, сойы – Шағыман. Шыңжанда туып-өсіп, қытай ұлтының қызына үйленген. Төрт жастағы ұлы мен әйелі ішкі Қытайда. Менің пайымдауымша, ойы мен пікірі қарама-қайшылыққа толы, Қазақстан мен жергілікті қазақтарға деген сезімін жасыра алмайтын авантюристке көбірек келіңкірейді. Екі күннің ішінде Германиядағы Өмірхан Алтынның, Алматыдағы Қыдырәлі Ораздың, менің және көптеген жаны ашыр қазақтың миын шыр айналдырып жіберді. Ең қызығы, қазір Ташкентте отырып, Қытайдың елшісін өзі шақыртып, байбаламды да салып жатыр. Шын мәнінде Қалымбек бүгін күндізгі сағат 16.45-те Эйр-Астана компаниясының ұшағымен Алматыға келуі тиіс. Ал Эйр-Астанамен келсе, Алматыда 72 сағат жүруіне рұқсат. Сол үшін қолына жұртшылық болып жиналып, мына суреттегі билетті әперіп қойғанбыз. Бірақ әлеуметтік желіде түрлі қойылымдар жасап жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Оның себептері жайында өзімнің ойымды сәл кейінірек жазамын. Ал қазір оқиғаның қалай басталғаны және өрбуіне ойыссақ.

Таиландқа қыдырып барып, сол жақтан Қазақстанға, одан әрі Еуропаға кетуді жоспарлаған. Мақсатын жүзеге асыру үшін Германияда тұратын шетелдегі қазақ диаспорасының жетекшісі Өмірхан Алтынмен хабарласады. Өмірхан оны Алматыдағы «Атажұрт еріктілері» қоғамдық ұйымының жетекшісі Серікжан Біләшпен және сол ұйымнан бөлініп шығып, өз алдына жаңа ұйым құрып жатқан Қыдырәлі Оразбен байланыстырады.

Қалымбектің Алматы әуежайында тұрғаны жайлы алғашқы хабарды маған «Атажұрт еріктілері» ұйымынан Қайрат Байтолла хабарлады. Өздерінің айтуынша, ол уақытта «Атажұрт» белсенділері Талдықорған маңындағы аудандарды аралап, оралмандардан арыз жинап жүріпті. Ақпараттың растығын дәлелдеу үшін Қайрат Байтолла Қалымбектің паспортын және Қыдырәлі екеуінің сөйлескен аудиожазбасын тастады. Мен дереу Қыдырәлімен байланысып, мәселенің ақ-қарасын анықтауға кірістім.

Қалымбек расымен Қытайдан қашып келіпті. Қыдырәлінің айтуынша, қашуды жоспарлағанда екі нәрседен қателескен:

1. Таиландта жүргенде карточкасынан қажетті көлемде ақша шешіп алмаған. Жолда жүргенде картасы блокталып қалған. Сөйтіп, бір тиынсыз қалған;

2. Таиландтан Алматыға тікелей «Эйр-Астана» компаниясымен ұшпаған. Керісінше, Ташкент арқылы Өзбекстан ұшағымен жеткен. Сөйтіп, транзиттік жолаушы ретінде шекарадан өтпей қалған. Егер, отандық компанияның ұшағымен келгенде Қытай азаматтары үшін Қазақстанда 72 сағат визасыз жүруге болар еді. Еуропаға кетуді сол үш күнде асықпай ұйымдастыруға болады екен.

Ал Еуропаға билет алу үшін 600 мың теңге керек екен. Өйткені, шекарашылар Қалымбекті келген бойда ұстап, Қытай консулын шақыртып, кері депортация жасамақ болады. Бірақ Қыдырәлі өз қалтасынан ақша шығарып, Ташкентке кері билет сатып әпереді. Сондықтан, әуежайға Қытай консулы шақырылмайды. Одан кейін халық болып жиналып, Ташкеннен қайтадан Алматыға «Эйр-Астана» компаниясына билет сатып алып қойдық. Ал егер, мүмкіншілік болса, Еуропаға Ташкеннен ары жіберуді де ойластырдық. Сол үшін Қыдырәлі екеуміз екі жақтап, әлгі 600 мың теңгені іздеуге шықтық. Осы жерде ескеретін мынадай жәйт бар: Ташкеннен Еуропаға Ыстамбұл немесе Мәскеу арқылы ұшатын ұшақтар арзанырақ еді. Бірақ Түркия мен Ресей Қалымбекті жолда ұстап қалу қаупі бар. Сондықтан, Қытай мен Сербияның арасындағы екі жақты келісімді пайдаға жарату қажет болады. Ал ол келісім бойынша Қытай азаматтары Сербияға визасыз барып, үш ай тұра алады. Сондықтан, қанша қымбат болса да Қалымбекті Ташкеннен Сербияға тікелей ұшыру керек деген шешімге келіпті.





Мен дереу фейсбуктегі парақшама ақша жинау туралы хабарландыру жаздым. Ондағы карта – Қыдырәлі жетекшілік ететін «Бауырмал» ұйымының қайырымдылық қорына тиесілі еді. Одан соң, Серікжанға хабарласып, осыншама қаржы тауып беріп, қандасымызға көмектесуді сұрадым. Бірақ ол ұйымның қолында әзір ондай қаржы жоқ екенін айтты. Кәсіпкерлікпен айналысатын бірнеше жігітпен хабарласып, мән-жайды айттым. Бірақ көмектесуге ниет білдірген ешқайсысы болмады. Сосын, қалайда Қалымбекпен кездесудің жолдарын іздеп, әуежайға тарттым.


(Жалғасы бар)


Тоқтар Жақаш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

жұма, 08.02.2019, 21:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30