Мәселе

"Қытайдың құрылғысы" бар кептерлер қазақстандықтарды шошытты (фото)

  • "Қытайдың құрылғысы" бар кептерлер қазақстандықтарды шошытты (фото)

Еліміздің екі өңірінде аяқтарына таратқыш жабыстырылған, қанаттары мен құйрықтарында қытай иероглифтері бар кептерлер анда-санда табылып жатады. Экология министрлігінің өкілі бұл құстардың пайда болуы жайында айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: Facebook / Сәкен Ділдахмет

Фото: Facebook / Сәкен Ділдахмет

Ведомство өкілі Сәкен Ділдахметтің айтуынша, соңғы бес жыл ішінде қытай таңбалары бар мұндай кептерлер Қазақстан аумағынан табылып жатыр.

Министрлік қызметкері бірнеше жыл бұрын Бекалқа ауылында өлі кептер табылғанын, оның аяқтарында алты белгіден тұратын сәйкестендіру нөмірі бар сақина, ақпарат оқуға арналған құрылғы, сондай-ақ шағын электрондық гаджет анықталғанын атап өтті. Құстың қанаттарында иероглифтер болған.

Уақыт өте келе қазақстандықтар тағы бірнеше осындай кептерді тапқан. Олар қолға үйретілген екен, адамдардан қорықпайды. Құстардың расында да маңызды ақпарат тасымалдап жүргені белгілі болды.

Ділдахметтің айтуынша, бұндай спорттық кептерлерді арнайы мамандандырылған фермаларда өсіреді. Олардың бірі Алматы облысына жақын жерде – Үрімшіде орналасқанын айта кету керек.

Құстардың аяқтарындағы сақина мен электронды техникада өзінің тасушысы туралы маңызды ақпарат сақталады екен. Ал қанаттарында жарыс кезеңі, сондай-ақ жарыстың атауы жазылады.

Кептерлердің неліктен Қазақстан аумағында табылып жатқаны әзірге белгісіз. Болжалды себептердің бірі – ауа райы жағдайы мен күшті жел.

Фото: Facebook / Сәкен Ділдахмет

Фото: Facebook / Сәкен Ділдахмет

Еске сала кетейік, бұған дейін пианинода ойнайтын талантты қораздың өнерімен көпті тәнті еткенін жазған болатынбыз.




Көрілген: 1299    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 19:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31