Мәселе

Қытайлар енді коронавирусты «Қазақстанда жасалған» деп жазып жатыр

  • Қытайлар енді коронавирусты «Қазақстанда жасалған» деп жазып жатыр

    Қытайлар енді коронавирусты «Қазақстанда жасалған» деп жазып жатыр

Қытайлық БАҚ-тың жазуынша, Алматыдағы Орталық анықтамалық зертхана АҚШ әскери күштерінің қаржылай қолдауымен құрылған және әлі күнге дейін Вашингтон өкілдерінің бақылауында.

Қытайдың жетекші ақпарат ресурстарының бірі Sohu.com порталы COVID-19 коронавирусының таралуына қатысы бар күдіктілер мәселесін көтеріп, індет Хубэй провинциясында таралудан бұрын Қазақстанда пайда болған болуы мүмкін екенін хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Qamshy.kz-тің аудармасына сүйене отырып.

«Жақында Қазақстандағы Yvision ресурсы Алматыдағы Орталық анықтамалық зертхананың (CRL) қызметкері өзі істейтін агенттіктің коронавирус жасағанын растады деп хабарлады» делінген Sohu.com сайтында.

Қытайлық БАҚ-тың жазуынша, зертхана АҚШ әскери күштерінің қаржылай қолдауымен құрылған және әлі күнге дейін Вашингтон өкілдерінің бақылауында. Ақпарат ресурсы «Қазақстанда кейбір азаматтар биліктен бұл жағдайды тексеруді талап етіп жатыр» деп хабарлады.

Сайттағы дерекке сай, ҚР билігіне сұрау салған бұл адамдар ДДСҰ өкілдерін шақырып, Қытай Халық Республикасының, ТМД елдерінің микробиологтарымен бірлесіп, АҚШ мамандары жұмыс істеген медициналық орталықтар мен Жамбыл облысындағы жұмыстарды тексеруді талап еткен.

Қытайлық БАҚ-тың жазуынша, Қазақстанның отандық академиялық «Вирус» журналы («Вирус», 2019, 11, 356, DOI: 10.3390 / v11040356) 2019 жылдың сәуірінде мақала жариялаған. Онда бірқатар америкалық және қазақстандық ғалымдар коронавирустың жаңа түрін зерттегені айтылған.

«Журналда АҚШ-тың жоғарыда аталған коронавирус туралы зерттеулері 2017 жылдың сәуірінен мамырына дейін жүргізілгені, Америка ғалымдары COVID-19-ды зерттеуді, тіпті, ерте бастағаны жазылған» делінген Sohu.com сайтында.

 

 




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.04.2020, 09:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31