Мәселе

Қыздар, ешкімге тыр жалаңаш сурет, видеоларыңызды жібермеңіздер - Айгүл Орынбек

  • Қыздар, ешкімге тыр жалаңаш сурет, видеоларыңызды жібермеңіздер - Айгүл Орынбек

    Қыздар, ешкімге тыр жалаңаш сурет, видеоларыңызды жібермеңіздер - Айгүл Орынбек

Заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек жалаңаш суретін жіберетін қыздарға кеңес берді. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.


«Қыздар, ханымдар жалпы әйелдер қауымы. Ешкімге өздеріңіздің тырдай жалаңаш сурет, видеоларыңызды жібермеңіздер. Қазір интернет дамыған заманда суреттеріңіз, видеоларыңыз тарап кетуі әбден мүмкін!


Кейбір ер азаматтар хайуаннан жаман!


Әсіресе, жас қыздарға айтарым, неке қиылмай жатып сенің жалаңаш бейнеңді, сурет арқылы көргісі келетін жігіттің ойы адал емес!


Сол себепті құрметті аналар! Қыздарыңызбен 12 жасынан бастап ашық сөйлесіп, әсіресе, телефон арқылы сурет, видео жіберудің қате екенін, болашақта өміріне үлкен кедергі келтіретін ашық айтқандарыңыз дұрыс!


Қазіргі таңда жас қыздардың арасында суицид көбейген. Қыздарыңыздың достарын, телефонын тексеріп отырғандарыңыз дұрыс.


Елуге келген әйелдің өз өзін аймалап, сипалап душ қабылдап тұрған видеосы осы интернетте топтарда жүр. Сол видеоны қандай оймен түсірсе де, соны таратқан адам еркек емес ез екен.


Ер азаматтар қауымы қыздардан жалаңаш сурет, видео сұрар кезде өздеріңіздің қарындастарыңызды көз алдарыңызға елестеткендеріңіз дұрыс!», - деп жазды ол. 




Көрілген: 4015    Пікірлер: 0

сенбі, 13.07.2019, 11:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31