Мәселе

Қыздар жуынатын бөлмеге видеокамера орнатқан

  • https://ru.depositphotos.com/

    https://ru.depositphotos.com/

"Дәретханалар мен қыздардың жуынатын бөлмелеріне камера орнатып, үлкен экраннан бәрін көріп отырған!" Павлодар облысының прокуратурасы балаларды қолдау орталығындағы сұмдық жағдайдың бетін ашты.

 

Мекеме басшысы Асхат Қоқымбаевтың айтуынша, бақылау камералары орталықтың бұрыш-бұрышына облыстық білім басқармасының тапсырмасымен орнатылған екен. Алайда, шаш ал десе бас алатын орындаушылар дәретхана мен қыздар жуынатын бөлмені де ұмыт қалдырмапты. Бұл орталықта кәмелет жасқа толмаған қыз балалардың да барын ескеріп, прокуратура қызметкерлері әлеуметтік орталық басшылығын балалардың құқығын өрескел бұзды деп айыптады.

 

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

 

Николай Қожахметов, өңірлік балаларды қорғау орталығының жетекшісі:

 

- Бейнекамералардың обьективі кіретін есікке қарап тұрған. Біз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты мақсат қылып алдық. Өйткені бұл орталыққа тап болатын балалардың жастары да, көрген қиындықтары да әртүрлі. Әрқайсысының жағдайы өзінше бір қиын болады. Ең болмаса осында келгенде қиындық көрмесін деген ойымыз болды.

 

Бақылау жүйесі Павлодар облысы білім басқармасының тікелей тапсырмасымен қойылғандықтан, мекеме басшысы Дінислам Болатханұлы жағдайды түсіндіріп бағуда. Ол өзінің Instagram парақшасында жазба жариялады. Оның айтуынша, жабық мекемелер жүйесі мен ол жердегі оқшаулану әсерінен қолдау көрсету орталығына келгенге дейін балалар көптеген қиындықтарды бастан өткереді екен.

 

Қазақстандағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көрген қорлығы, соның ішінде сексуалдық зорлық-зомбылық фактілерінен жаның түршігеді. Сондықтан да мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға барлық жабық мекемелерде камералар орнату мәселесін ұсындым. Тіпті, жуыну бөлмелері мен әжетхана және жатын бөлмелерінің де бақылауда болғанын қаладым. Өйткені өзге аймақтардағы балаларға қарсы қылмыстар мен зорлық-зомбылықтар көп жағдайда сондай жерлерде жасалған. Анығында қылмыскер камераларды көргенде райынан қайтып, өз әрекетінен аяқ тартады емес пе? Осылайша, мен балаларды қорғағым келді.

 

kaz.zakon.kz




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 13:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31