Мәселе

«Қыздардың бірі зорланған»: Жетім балалардың апасы немерелерінің жағдайына алаңдаулы

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Жамбыл облысы Қаратаудағы жетім балалардың туысы немерелерінің қазіргі жағдайына алаңдауды. Ол "Немолчи.kz" қорынан көмек сұрайды, қамқорлыққа өткен балалардың өміріне қатысты сұмдық жайттарды айтып берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Өзін балалардың әжесі деп таныстырған әйелдің айтуы бойынша (атасының қарындасы) аталған жағдай туралы бір жыл бұрын білген, немерелерін өзіне алмақшы болған, бірақ бұл мәселені шеше алмаған.

 

Өткен жылдың жазында Жамбыл облысындағы баланың оқиғасы туралы ақпарат тараған. Баланы екі жыл бұрын қамқоршылары асырап алған. Одан бөлек, баланың екі әпкесі де бұл ата-ананың қолында болған. Бір күні бала екінші қабаттан секіріп, құлаған. Ол көрші аулаға еңбектеп барып, үн шығармай шөп арасында бірнеше күн жатқан. Белгілі болғандай, балаға өзін қамқорлыққа алған отбасы қатал қарым-қатынас жасаған. Еріктілер қамқоршының психиатриялық емханада тіркеуде тұрғанын анықтаған. 

 

Қазір осы үш бала бұрынғы қамқоршыларына қайтарылғаны белгілі болды. Әйел бұл отбасында балалардың қорлық көретінін алға тартады. Ең кіші Даниелдің жарақаттарынан бөлек тағы бір қыздарының зорланғанын айтқан.

 

"Маған нәтижелерді айтқанда абдырап қалдым. Қыздардың бірі зорланғанын білдім, олардың жасы 11 және 12 жаста. Маған қыз бұл әрекетін тарақпен өзі жасады деп айтты. Қамқоршылық және білім басқармасының айтуынша, Даниел терезеден өз бетінше секірген. Ақыл-есі дұрыс адам бұған сене ме?”, – дейді немере апасы.

 

Қор жетекшісі Дина Смаилова балалар шындықты айтып қоймас үшін туыстарынан алыстатып жүр деп санайды.

 

"Даниел апасы Натальяға қонаққа бармақ болған күні оны шұғыл түрде Рихтерлерге (қамқоршылары) алып кетті. Қамқоршылық органдарының бұл әрекеттері Даниелдің адамдарға шындықты айтудан қорқатындығын көрсетеді.

Бұл немқұрайлы шенеуніктердің балаларды ұрып-соғатын, тіпті зорлық орын алған болуы мүмкін отбасына бере отырып қауіпсіздік шарасын сақтап отыр ма? Бір жыл бойы ұл мен қыздарды туыстарынан жасырып, олармен сөйлесуге рұқсат етілмеді. Әжесі осы уақытқа дейін балаларды бір-ақ рет көре алған", – деп жазды Смаилова.

 

Оқиғаға қатысты редакция Жамбыл облысы Полиция департаментіне сауал жолдады. Алайда ведомство тарапынан түсініктеме берілмеді.

 

 

 

 




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.09.2021, 18:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31