Мәселе

Қызметте қаза тапқан полицейлердің отбасыларына арналған жәрдемақы өседі: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

  • Қызметте қаза тапқан полицейлердің отбасыларына арналған жәрдемақы өседі: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

    Қызметте қаза тапқан полицейлердің отбасыларына арналған жәрдемақы өседі: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы авариялық-құтқару қызметтерінің жұмысын ретке келтіріп, қызметте қаза тапқан полицейлердің отбасыларына арналған жәрдемақыны арттыру көзделген заңға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. 

 Қазір ІІО қызметкерлеріне тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленеді.  Бұрын мүлікті сатып алуға мүмкіндік жоқ еді. Жаңа заң бұл қаражатты жалдау ақысын төлеуге де, ипотекалық бағдарламалар аясында тұрғын үй сатып алуға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар, полицей қызмет кезінде қайтыс болған жағдайда оның отбасы ипотека шарты бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін осы төлемдерді ала береді.

Сондай-ақ, жаңа заң қауіпті өндірістік объектідегі жазатайым мен оқыс оқиғаларды тергеудің бірыңғай тәртібін белгілейді, апаттар мен жағдайларды тергеу жөніндегі комиссиялардың өкілеттіктерін, оларды құру тәртібін, тергеулерден кейін ұйымдардың нәтижелері мен іс-әрекеттерін тіркеуді егжей-тегжейлі қарастырады.

stan.kz




Көрілген: 691    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 21:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31