Қызтекелер көбейіп барады

21 желтоқсан 2021, 22:15

Әлеуметтік желілерде "жынысын ауыстырам" деп жар салып жүргендер жиілеп кетті. Дәрігерлер де соңғы 3 жылда ниеттілер  көбейгенін растайды. Ресми статистика жоқ. Бірақ қызығушылар көп. Бұған не себеп? Псилологтардың пайымы қандай?

 

Өзін Сая деп таныстырған жігіт, камераға түскісі келмейтінін ашық айтты. Бірақ проблемасымен бөлісуге қарсы емес.

 

Айтуынша, бұл жолға келуге үйдегі психологиялық қысым әсер еткен. Туған әкесі, "ес білгелі күнде ұратын", - дейді. Сондағысы "нағыз еркек болсын" деп төмпештейтінін көрінеді. Сол үшін оның аузынан шыққан осы сөзді жек көре бастапты. Кейін мектепте де ұлдар арасындағы төбелес, менің өмірлік ұстаныма әсер етті деп отыр. Осылайша "нағыз еркек" болудан бас тартқан.

 

САЯ:

 

– Әкемнен қорлық көрдім. Әкем алқаш. Уже мені ешқайда жұмысқа алмайды. Потом осындай нәрсеге шығуыма тура келді. Еркек болса деп қақ төбемнен ұра беретін. Қайдан еркек болам мен? Шешем қансырап таяқ жесе, көзімше. Қалай еркек болам? Мектепке барсам балалар ұрады.

 

Сая бұл шешіміне еш өкінбейтінін қосты. Өйткені қазір ақша табудың көзіне айналдырыпты. Арнайы сайттар арқылы өзіне сұраныстың аз емес екенін жасырмайды. Айтқаны рас болып шықты. Арнайы сайтқа бізде кіріп көрдік. Онда қызтекелерге сұраныстың көптігі соншалық, тіпті түрлі қалалар мен елдерден арнайы шақыртулар да түсетінін білдік.

 

САЙТ ТҰТЫНУШЫ:

 

– Я вообще в Москве живу, но сейчас нахожусь в Казахстане.

 

Андролог дәрігер соңғы 2-3 жылда жынысын ауыстыруға қызығатындар көбейгенін мойындайды. Осы тұрғыда кеңес сұрап келетіндер көбейген.

 

Маманның айтуынша, егер ер балада эстероген гармоны көбейсе, олар гендерлік өзгеріске ұшырайды. Ал, мұны дәрігер емдеуге болады дейді. Ол үшін жетіліп келе жатқан жеткіншектің қылығына ата-ана зер салып отыруға кеңес береді.

 

Ернұр ИСАБЕКҰЛЫ, ДӘРІГЕР-АНДРОЛОГ:

 

– Көбінесе телефон арқылы, бірақ өздерінің ауыстырғысы келіп жүргендерін айтып жатыр. Көбінесе ватсапқа жазады. Қандай да бір өзгерістер болса, тезірек тексерткен дұрыс.

 

Психологтардың пайымынша, ер азаматтардың бұл жолға түсуіне әйелдердің өзіне тым сенімділігі себеп. Бұған сарапшыларда қосылады. Олардың саралауынша, отбасында анасы, баласының көзінше әкесін жоғары бағалап, құрмет көрсеткені абзал. Сонда ғана ер бала әкеге еліктейді. Оған қоса, әйелдердің үйдегі және тыстағы бар жауапкершілікті өзіне алуы да бала тәрбиесі үшін өте үлкен қателік дейді.

 

Жаңагүл ТҰРМАНОВА, ПСИХОЛОГ:

 

– Қыз келіншектеріміз өз өзіне тым сенімді. Үйде ер адам рөлі төмендеп қалды. Көбінесе қыздардың қателігі. Солай балалар зардап шегіп отыр. Өйткені әкенің рөлін азайтып тастадық.

 

Тағы бір себеп, танымалдыққа тез жету. Әлеуметтік желіде ашық жарияланып жатқан қызтекелерді көріп, осылай танымал болсам деген теріс ойлар да қалыптасатын көрінеді.

 

Рамазан САТТАРҰЛЫ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

 

– Кез келген адам, жалпы қоғамдық санадағы бір ерекшелік ол теледидар, әлеуметтік желідегі неғұрлым көп шыққан дүние жарыққа шыққан дүние үлгі деп есептелінеді.

 

Мамандардың қай қайсысы болса да, мұндай жағдайлар ең алдымен отбасында қалыптасады деген ой түйді. Сондықтан бесіктен белі шықпағандардың тәрбиесі ата-ана тарапынан үнемі қадағалауды болуы тиіс.

 

Шыны керек ошақ басындағы тәрбие бүгінде ақсап тұр. Ер адамның рөлінен бөлек, толық емес отбасылар да көбейіп кеткен. 

 

 

 

 

astanatv.kz