Қызтекелер неге көбейіп барады?

Қызтекелер неге көбейіп барады?

Ауыр болса да айтарымыз, қазіргі таңда жұмыр басты пенде адами қасиеттен ада болып барады. Басқасын былай қоялық, Жаратушы иеміздің жасаған болмысына қарсы тұрғысы келетін адамдар баршылық. Соның ішінде бір жыныстылар некесі немесе олардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болуы бүгінгі күні әлем жұртшылығын ойландырып отыр. Тіпті оған қарсы қоятын айла таппай, олардың некелерін заңды түрде тіркеп жатқан мемлекеттер баршылық. Кейбір елдерде дегеніне жете алмай жүрген олар ашықтан-ашық  көшеге шығып, өз наразылығын білдіруден қымсына қоймайтын болды. Тағы бір өкінерлігі, солардың арасынан билік басына келіп, бір қауым елге көсем болып жүргендер де кездеседі. Бір сөзбен айтқанда, бұрын бізге түрпідей көрінетін олардың әлемі ешбір таңсық болмай барады. Оны қалыпты жағдай ретінде қарайтын күйге түстік.
Ондай жат құбылыстан Қазақстан да шет қалып отырған жоқ. Біздің қоғам ондай адамдарды әлі де қабылдай алмай келеді. Әрине, әркімнің өз еркі дегенмен сырттай болса да, мұндай өмірге тосырқай қараймыз. Өкініштісі, олардың саны азаятын түрі жоқ. Қайта қаулап өскен қоғадай қаптап барады. Жалпы, еліміз бойынша қанша біржынысты «махаббат» иелері бар екенін білмедік. Дегенмен олардың көше бойынан жиі көретін күйге түстік.
Қазекем мұндай адамдарды ертеден-ақ жақтыра қойған жоқ. Қыздай қылымсыған «жігіттерді» қызтеке дейтін. Еркек тәрізді қыздар еркекшора аталатын. Бәлкім, ол кезде де бірен-саран осындай адамдар болған шығар. Бірақ ата-бабамыз бауырындағы баласына дұрыс тәрбие беруге тырысты. Ұлын ес білгеннен аттың үстінен үйретті. Тұлымшағы желбіреген қызын да өзінің жолымен өсірді. Өкінішке қарай, қазір тәрбиеміз қандай деген сауал тілдің ұшына орала береді. Өйткені, қазір қазақы ортаны да жоғарыда айтылған жат қылықтар жаулап бара жатқан секілді.
Бұрын қызтеке деп айтылған «қауымды» көгілдірлер дейміз. Шетел тілдерінде де өзінше атаулары бар. Не деп атасақ та оған қарсы тосқауыл қоюмыз керек секілді. Себебі, күні ертең бармақ шайнап, бас шайқап қалуымыз кәдік.
Көңілге кірбің салып отырған мына дерек талайды ойландырады. Қазақстанда қызтекелер немесе еркекшоралар қай қалада деп ойлайсыз? Әрине, еліміздегі ірі мегаполистер – Астана мен Алматы алдымен тіл ұшына оралады. Одан кейінгі орындарда Ақтөбе, Шымкент, Өскемен секілді шаһарлар тұрған көрінеді. Қалың қазақ тұратын Қызылорда мен Атырау да солардың санатына жатқызылатыны бізге өте қынжылыс алып келіп тұр. Сонда ұлымыздан ұят, қызымыздан қылық кетіп бара жатқан заманға тап келдік пе екен?
Жергілікті тұрғындардың 96-97 пайызын қазақ құрайтын Қызылордада 300-ге жуық сондай жат қылықты жандар тұратын көрінеді. Әрине, олар бұл қалада ашықтан-ашық жүре алмайды. Оларға арналған гей-клубтар да мұндай жоқ. Бірақ жасырын болса да, жаратылыс заңына қарсы келіп, бір-бірімен құшақтасып мауқын басатын адамдар бар.
Егер жағдай осылай кете берсе, ендігі 10-15 жылда қандай жағдайды бастан кешіретінімізді ойлаудың өзі қорқынышты. Қазіргі таңда мұндай жағдай Ислам діні өркен жайған Пәкістан секілді елдерде де өте қиын мәселе айналғанын ескерсек, бұл нәрседен қауіп алуымыз тиіс екені көзге көрініп тұр. Тіпті олардың өкілдері билік басына келіп, ашықтан-ашық өзінің қызтеке немесе еркекшора екенін мойындап, өздерінің мүддесін қорғап жатса қайтпекпіз? Мәселен, Англия, Франция, Люксембург секілді мемлекеттерде ол қалыпты жағдайға айналып кеткен.
Осы жағын ойланып көрелік. Әзірге кеш емес...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста