Мәселе

Қызылжарда ағаштан түрлі бұйымдар жасайтын мүгедек екі жылдан бері шеберханада тұрып жатыр

  • https://astanatv.kz/

    https://astanatv.kz/

Қызылжарда ағаштан түрлі бұйымдар жасап, оны сатып күн көріп жүрген мүгедек шеберханада тұрып жатыр. Шебер Сергей Сапко қазір тауарына сұраныс азайғанын айтады. Нәпақасының басым бөлігін цехті жалдауға жұмсайды екен. Табыс аз болғандықтан кембағал шеберханада тұруға мәжбүр.

 

Айтуынша, таза шеберліктің арқасында күн көру өте қиын. Дегенмен ол көшеде қайыр тілегеннен, еңбекпен келген нан әлдеқайда тәтті болатынын жақсы біледі.

 

Сергей САПКО, ШЕБЕР:

 

- Мемлекет беріп отырған жәрдемақының тең жартысы дәріме кетеді. Сондықтан айлық шайлыққа жетпейді, шыны керек. Жергілікті билік цехпен және қосымша қондырғымен көмектесеміз деген. Бірақ, уәделері сөз күйінде қалды.

 

Бірінші топтағы мүгедек Сергей Сапко бұл шеберлікке жастайынан ден қойған. Ержеткесін құрылыс саласына бет бұрып, бірнеше жыл бойы сонда жұмыс істепті.

 

Бірақ 2008 жылы құрылыста қатты жарақат алып, қос аяғынан айырылған. Үйде омалып отырудан қажыған ол қайтадан ағаш өңдеу шеберлігін қолға алған.

 

Алдымен қарапайым тақтайшаларды өңдеп үйренген. Кейін орындықтар жасап, саудалапты. Ал, қазір сұранысқа сай, асүйге арналған бұйымдар мен кәдесыйларды ғана жасап жүр.

 

Сергей САПКО, ШЕБЕР:

 

-  2016 жылы Даму қорының грантын ұтып, 300 мың теңгеге қондырғы сатып алдым. Қазір ағаштан қасық, тарелке, ожау, оқтау және т.б басқа заттарды жасаймын. Тауарды әлеуметтік желі арқылы сатып отырамын. Кейде сауда үйлеріне апарамыз.

 

astanatv.kz




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.07.2020, 00:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30