Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қызылжардағы жаңа құбырлар жарылып жатыр

15 қаңтар 2011, 14:35

Қызылжар қаласы суқұбырларының 70-80 пайызының пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. Сондықтан да болар сәл суық қысса шетінен жарыла бастайды. Аққан судан қала көшелері көл болады, артынша қатып үлкен мұзайдынына айналып жатады. Соңғы жылдары «Жол картасы» бағдарламасы негізінде құбырлар аз да болса ауыстырылуда. Бірақ қырсыққанда жаңаларының өзі жарылып әлекке салуда.
2009 жылы қаланың инженерлік-ком­муникациялық желілерін күрделі жөндеуге 446,3 миллион теңге бөлініп, игерілген екен. Воровской көшесіндегі сорғы стан­сысы, суағарлар, жылы және суық суқұ­быр­ларының біраз бөлігі ауыстырылған. Бұл мақсатқа 2010 жылы жұмсалған қар­жы – 885,5 миллион теңге. Әкімдіктің есе­біне қарасаңыз, атқарылған жұмыс та қо­мақ­ты. Алайда сапа жағы сан соқ­ты­руда.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қы­зыл­жардағы Казахстанская правда және Сә­кен Сейфуллин көшелерінің қиылысында суқұбыры жарылды. Жауапты органдар апат салдарымен үш күн бойы күресті. Жа­қын маңдағы үйлер көлдің ортасында қал­ды.
Бұл жерде құбыр 2009 жылы ғана ал­мас­тырылған болатын. Жұмысты «Рүстем» Қа­зақстан қуат үнемдеу компаниясы» ЖШС жүргізген. Алайда сенімді деп салынған пластик желі бір жылға жетпей жа­рылып тынды. Қалалық прокуратура мер­дігер компания директорының үстінен қыл­мыстық іс қозғағанын хабарлады. Қа­да­ғалаушы органның хабарлауынша, күр­де­лі жөндеу көрген нысан заң жүзінде пай­да­лануға берілмеген. ҚР «Қазақстан Рес­пу­бликасындағы сәулет, қала құрылысы жә­не құрылыс қызметі туралы» Заңына сәй­­кес мемлекеттік қабылдау комис­сия­сы­ның нысанды пайдалануға қабылдау мер­зі­мі комиссияны тағайындаған ор­ган­ның пайдалануға беру туралы актіні бе­­кіткен күні есептеледі. Ал тексеріс көр­сеткендей, қабылдау комиссиясының мем­лекеттік актісін қалалық әкімдік бекітпеген. Алайда аталмыш құбырлар апат болған күнге дейін қолданылып, тұрғындар сол арқылы су алып келген.
Қонысбек ЫБЫРАЕВ, Петропавл қаласының прокуроры:
– Қақаған қыста апат орнында 2-3 күн бойы жұмыс жүргізілді. Жалақыға, жа­нар-жағармайға қаншама шығын кетті. Бұл – мемлекетке келтірілген шы­ғын. Бұл – бір, екіншіден, осы суқұ­бы­рын қалалық коммуналдық қызмет, қа­лалық әкімдік қабылдап алмаған. Алай­да «Петропавл су» компаниясы оны пайдаланып келген.