Мәселе

Қызылорда облысында төтенше жағдай енгізілді

  • Қызылорда облысында төтенше жағдай енгізілді

    Қызылорда облысында төтенше жағдай енгізілді

Қызылорда облысы Арал ауданында төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Бұған аймақтағы құрғақшылық пен малға жем-шөптің жетіспеуі себеп болған. 

 
Айта кетсек, облыста жауын-шашынның аз болуынан жайылым алқабының 90%-ы жарамсыз болып, 500-ден астам мал басы ұырылған. Қазіргі күні аймақтағы жағдай 24 сағаттық бақылауға алынды. Көрші ауылдардан шөп шабуға еріктілер топтары құрылды. Қазір еріктілер Қазалы, Қармақшы және Сырдария аудандарында егістік алқаптарында жұмыс істейді. Ақтөбе облысымен келісім орнатылған. Ырғыз өңірінің шаруа қожалықтары жем-шөпті қолжетімді бағамен қамтамасыз етіп қана қоймай, жайылымдық жерлерін шабындыққа пайдалануға мүмкіндік береді.

"Құрғақшылықтың салдарын жою үшін ауданға шамамен 2 миллиард теңге қажет болады. "Қызыл аймаққа" кірген 13 ауданда су үшін 15 құдық қазылады. Жайылымдарды толық пайдалану және көбейту үшін 8 канал қазылып, тазартылады. Сонымен қатар, біз осы жұмыстарға жабдықтар жеткізіп беруіміз керек", - деді Арал ауданының әкіміСерік Сармағамбетов. 




Көрілген: 585    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.07.2021, 09:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30