Мәселе

Қызылорда тұрғыны коронавирус пен пневмонияның "емін" тапты

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қызылорда тұрғыны коронавирус пен пневмония жұқтырғандарды "емдеудің" ерекше әдісін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тұрғынның "емдеу" әдісінің видеосы жарияланды. Оны Facebook-тегі парақшасына Жазира Бегалы жүктеді. Оның айтуынша, желіде "емшінің" жарнамасы жарияланыпты.

"Қызылорлық емші барлығын пневмониядан жазуға уәде беріп отыр. Адамдар оның аяғына жығылып жатыр. Алғашында барлығы зінбір, лимон, қойдың майы үшін төбелессе, қазір олар емшілерге барып жатыр", - деп жазды Жазира Бегалы.

 

ВИДЕО:  www.facebook.com/100005681798993/videos/1429969090535804/

 

Видеодан бірнеше адамның етпетінен жатқанын көруге болады. Белгісіз әйел адам емделуге кеше келгенін, бүгін жөтелі басылғанын айтады.

"Түні бойы ыстығым көтерілді. Мен хабарландыру көріп, осы адамға келдім. Интернетте ол кісі туралы жағымсыз пікірлер бар екен. Ол емдеу үшін көп ақша сұрайды. Сіздерден сұрайын "Ол көп ақша алып жатыр ма?", - дейді әйел.


Алайда видеодағы адамдар мұны жоққа шығарады. Кейін белгісіз әйел видеоға "емшінің" өзін түсінеді. Ол адамдардың аяғы мен арқасын ұйқалап, пневмониядан жазатынын айтады. "Емші" Қазақстан тұрғындарын өзіне келіп, емделуге шақырады.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бұл факті бойынша полиция "емшімен" түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін, қазір ол адамдар қабылдамайтынын жеткізді.

 




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.08.2020, 14:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30