Мәселе

Қызылордада оқушыны қағып, мерт қылған кәсіпкердің ұлы жазадан құтылып кетті

  • Көрнекі фото.  © pixabay.com

    Көрнекі фото. © pixabay.com

Қызылордада атышулы іске нүкте қойылды. Оқушы қызды көлігімен қағып, мерт қылған жасөспірім жазадан сытылып кетті, бірақ оның орнына анасы түрмеге тоғытылады, деп хабарлайды Zakon.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.


Қаңтар айынан бастап, тергеушілер бұл істің ақ-қарасын жітті тергеген. Құзырлы органдар жеті ай ішінде бұл қылмыстық істі жауып, қайта ашып та үлгерген. Бүгінгі сот алдына 21 жасар Саида Абдулланы қағып кеткен жасөспірімнің анасы келді. Өйткені көлік осы кісіге тиесілі екендігі белгілі. Ал баласы шешесінің рұқсатынсыз оның көлігін тізгіндеп, ақыры қайғылы оқиғамен аяқталған.


- Ол қызымды қақты, сүйрелеп жүрген оны. Егер ол оны машинаға салмай жедел жәрдем көлігін күткенде бәрі басқаша болар ма еді, - дейді қайтыс болған қыздың анасы Нартай Абдуллаева.


Жасөспірімның өзі сотқа қатысқан жоқ. Сот анасына көлік жүргізу куәлігі жоқ адамды көлігіне отырғызғаны үшін жаза кесіп, оны 1,5 жыл бас бостандығынан айырды. Оның үстіне әйелге алдағы екі жылда көлік жүргізуіне тыйым салды. Сондай-ақ сот зардап шегуші тарапқа 1 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуді үкім етті.


Айта кетсек, қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болған. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан Саида Абдуллаеваны қызылордалық кәсіпкердің ұлы жол талғамайтын көлігімен соққан. 14 жастағы оқушы қыз ауыр халде ауруханаға түскен, бірнеше күннен кейін ол сол арада көз жұмды.


 




Көрілген: 824    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.07.2019, 13:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31