Мәселе

Қызылордалық кәсіпкер үшем тәрбиелеп отырған отбасыға пәтер сыйлады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қызылордада кәсіпкер Мағжан Ералиев үшем тәрбиелеп отырған көпбалалы Кенжебековтер отбасына үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


М.Ералиев басшылық ететін серіктестік 1994 жылы құрылған. Ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде еліміздің күріш индустриясында қарқынды дамып келе жатқан компанияның бірі. Күріш өндірісінде республика бойынша үздіктердің үштігіне кіреді және бұл салаға қомақты инвестиция құйып келеді.


Кәсіпкер қалалық әкімдік пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен қолға алынған «Менің атамекенім» әлеуметтік жобасы аясында көпбалалы жанұяға баспана сыйлады.


Кенжекбековтер әулетінде осыдан үш жылға жуық уақыт бұрын Хадиша, Райяна және Айша есімді үшем дүниеге келген еді. Оған дейін екі ұл бала тәрбиелеп отырған еді. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрып келді. Үшемнің әкесі – Нұрболат қарапайым еңбек адамы.





Көрілген: 272    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 22:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30