Мәселе

Қызын араққа айырбастаған: Белігілі журналист малшыға құл болып жүрген бойженнің тағдырын баяндады

  • © Sputnik Казахстан

    © Sputnik Казахстан

Мектеп қабырғасында жүріп жүкті болған қыз балаға туыстары түсік тастатыпты. Ал бойжеткенді әкесі бір жарты араққа құлдықа өткізіп жіберіпті. Бейтаныс арудың тағдыры жайлы белгілі журналист Жазира Бегалы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.


Журналиске бұл оқиға жайлы танысы айтып беріпті. Туыстары бойжеткенді 4 айлық баласына түсік тастатқызып, өзін басқа адамға тұрмысқа шығарған. Ал бұрынғы жігіті сотталып кетіпті.


«Қаңтарда аяз сақылдап тұрған түні әпкем тереземді қағып тұр. Аяқ киімі жоқ. Қалшылдап, жылы үйге кіріп, құлап қалды. Ол біздің үйде жүрді. Ауылда бір жігітпен отау құрды. 4 айдан кейін малшы оның мекен-жайын тауып алыпты. Үйімізді екі күн торуылдап, әпкемнің үйін сұрастырып біліп, ақыры түнгі төртте күйеуі, ата-енесінің айқай-шуына қарамастан көлікке салып, алып кеткен. Оған мекен-жайды өгей әкем берген екен», - дейді келіншек.


Әйелдің айтуынша, өгей әкесі қызды бір жарты араққа сатып жіберген.


«Әпкем сол малшының құлы. Мал бағады, сиыр сауады. Жалақы алмайды. Күнде ұрып-соғады екен. Әпкем бірде көрші ауылдың малшыларына қашып, сол жақтан пана табады. Тағы да оны қожайыны іздеп, ұрып-соғып, жайлауға алып кетіпті. Ол малшы, сауыншы ғана емес. Жыныстық қатынасқа да мәжбүрлейді екен. Шындықты қалай жасырамын. Ол жылағанда сүйегім сырқырайды», - деп жазған ол.


Келіншегін құтқармақ болған күйінің әрекетінен түк шықпапты. Полицейлер де ешқандай шара қолданбаған екен.


«Полиция да түк шара қолданбаған. Өйткені біздің қорғанымыз жоқ. Менің әпкемнің бұл азаптан құтыламыз деген үмітіміз жоғалды», - деп жазды ол.


Оқиғаны баяндап отырған әйел көпшіліктен көмек сұрап, әпкесін құтқаруын өтініп жазған.


 sn.kz




Көрілген: 631    Пікірлер: 0

сенбі, 02.02.2019, 11:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30