Мәселе

Лақап аты «Аю». Жаңатастық полицейдің мәселесін ішкі істер министрінің өзі қарамақ

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

«Аюдың» мәселесі жеке қаралатын болды! Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жамбыл облысында өзіне осындай лақап ат қойып алған полиция қызметкерінің ісін тексеруге пәрмен берді.


Министрге оның үстінен екінші топтағы мүгедек шағым айтып келген еді. Сондай-ақ, газ баллонының жарылысынан зардап шеккендерге қатысты іске немқұрайды қараған Павлодар облысы полиция департаментіне шүйлігіп, басшысын қызметінен алып тастауға дейін баратынын айтты.


«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау ғимаратының мына бөлмесінде негізі фото, видео түсіруге тыйым салынған. Бірақ оған қарайтын шама жоқ. Жер-жерден келген жұрттың шағымын жеке тыңдау үшін мұнда бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев келген.


Ал жұрт кезегін күтіп есік сыртында тұр. Министрмен кездесу күнде бұйыра бермейді.


Кейбірі құжат толы жүк сөмкесін арқалай келген. Ал екінші топтағы мүгедек Ескендір Тұрысбеков осындай жеке қабылдауға кіре алмай, Жаңатас қаласынан Елордаға осымен үшінші рет келіп отырған беті.


Айтуынша, көресіні Сарысу аудандық полиция қызметкерінен көріпті.


Ескендір Тұрысбеков, Жаңатас қаласының тұрғыны:


- Өзі маған телефонда «Мен Аюмын, танисың ба?» деді. «Сен маған құдалыққа келіп тұрған жоқсың, сені танығым да келмейді» дедім. Сөйтсем, «Аю деген мен болам, сені алып кетем» дейді. Полиция қызметкері, жедел уәкіл. Капитан ба, бір нәрсе. Аты – Аю.


- Неге Аю дейді?


- Өзіне сондай ат қойып алған.


- Шын аты кім оның?


- Шын аты Нұрбек па, сондай.


Сондағысы темір саудалағаны үшін екен. Онда да кінәсі нақты дәлелденбеген.


Ескендір Тұрысбеков, Жаңатас қаласының тұрғыны:


- Олар маған ешқандай шақырту қағазсыз мені күштеп алып кетпекші. Сол кезде екінші топ мүгедегі анам сөйлей алмайтын араша кеп түсті. Сол кезде анамның көкірегінен итеріп, жерге құлатып отыр Аю деген.


Аюдың мәселесі ақыры министрге де жетті. Сол жерде тиісті департамент басшысымен таныстырып, лақап аты жер жарған қызметкердің мәселесін қарауды тапсырды.


Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі:


- Өзіндік қауіпсіздік департаменті. Арман Амангелдіұлы. Жаңадан тағайындалған. Істегеніне бір ай ғана болды. Бәрін соған жазыңыз. Аю болсын, Көкпаров болсын...


Жан-жақтан ат арытып келгендердің барлығы министрдің жүзін көруге мүмкіндік тиді. Барлығын қабылдауға уақыт тапқан Тұрғымбаев кейбірін жеке бақылауына алатынын айтты.


Асығыс кеткен Тұрғымбаевтың джипі ел көзіне түсіп қалды. Өйткені кей әлеуметтік желі қолданушылары министр мінген көліктің алдыңғы және артқы нөмірлерінің бір-біріне сәйкес келмейтінін айтып жатыр.


Ал министрлік өкілдері осыған байланысты арнайы хабар таратты. Тұрғымбаевтың мініп жүргені алдыңғы министрден қалған жалғыз қызметтік көлік және оның бір ғана нөмірі бар дейді олар.


Ал Екібастұзда болған оқиға Ішкі істер министрінің одан сайын ашуын келтірді. Газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапқан. Тағы бір әйел мен оның кішкентай қызын күйік шалған. Яғни оқиға болған, зардап шегушілер бар, бірақ кінәлі адам жоқ. Министр осыдан соң Павлодар облысына арнайы қызметтік тексеру тобын жіберетінін, сондай-ақ, өңір полициясының басшыларын қатаң жазаға тарттыратынын жеткізді.


ktk.kz


 




Көрілген: 1654    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.08.2019, 09:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31