Мәселе

ІІМ: Арыс тұрғындары қалаға қайта оралуға тырысып жатыр

  • ІІМ: Арыс тұрғындары қалаға қайта оралуға тырысып жатыр

    ІІМ: Арыс тұрғындары қалаға қайта оралуға тырысып жатыр

"Мен өкінішке орай, тұрғындар қалаға түрлі сылтаулармен қайта оралуға тырысатынын айта аламын.

Мен олардан мұндай әрекеттерді тоқтатуды сұрағым келеді – қалада жарылмаған снарядтар бар, олар елеулі зиян келтіруі немесе адамдардың өліміне әкелуі мүмкін", - деді Беккер.


Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.


Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.


Сондай-ақ, президент зардап шеккен үйлерді аралап, бірқатар нақты тапсырма берген болатын.


Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.


Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстықтарға көмек беріп жатқан халыққа алғысын білдірсе, Тұрғымбаев өртті не себепті сөндіре алмай жатқанын түсіндірді.


Сондай-ақ, жарылыс күні Арыста ұялы байланыс неге істен шыққаны, қазіргі уақытта қаланың жағдайы қандай екені белгілі болды.


Қазіргі уақытта Жамбыл облысынан Арысқа 40 тонна азық-түлік жіберілді, ал Алматыдан құрылыс материалдары тиелген жүк көліктері жөнелтіледі.


Соңғы мәліметтер бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарына өзінің бір күндік жалақысын аударды. Сондай-ақ, қалада жоғалып кеткен әскери қызметкер табылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та Арыс тұрғындарына көмек көрсету қорына ақша жіберді. Арыстағы жарылыстан мыңдаған үйдің шатыры мен терезесіне зақым келді.


Ал айта кететін жайт, жойқын жарылыс болған өңірде мешіттің әйнектері аман қалған.


Источник: NUR.KZ 




Көрілген: 671    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.06.2019, 23:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30